8 нысанның құжаттары әзірленіп жатыр. Жалпы 11 облыста 20 жаңа су қоймасын салуды жоспарланып отыр. Жұмыс 2024-2028 жылдар аралығында орындалуға тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ.Жаңа су қоймалары суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтуға және 137 мың тұрғыны бар 70 ауылдық елді мекенді су басу қаупін азайтуы керек. Құрылыс жұмыстары су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес жүргізілетін болады. Қазір жаңа су қоймаларын салуға инвесторларды тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Жоба елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және трансшекаралық өзендерге тәуелділікті азайту үшін іске асырылуда, – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.