Елімізде жарты миллионнан астам адам платформалық жұмыспен қамтылған

Елімізде жарты миллионнан астам адам платформалық жұмыспен қамтылған. Өйткені, оларға икемді кестемен еңбек еткен ыңғайлы. Табысы да аз емес. Халық тарапынан да курьерлік қызметке сұраныс өте жоғары. Бұл орайда Астана қаласы көш бастап тұр. Толығырақ әрімтесім Арайлым Қанатқызы баяндайды.Жоғарғы білімі бар Серік Доскеев бухгалтерлік жұмысын тастап, жарты жылдан бері тапсырыс жеткізуші болып еңбек етеді. Табысы қомақты, уақыты қолайлы. Айтуынша, көптің айлап жүріп ауыр жұмыс істеп алатын еңбекақысын ол бірнеше күнде-ақ табады. Серік ДОСКЕЕВ, КУРЬЕР: Бухгалтерский учетпен как бы особо честно айтсам, зарплата аз, мамандық особо не востребованный, көбінесе қыз адамдарды алады. Қазіргі заманда уақыт каждый адамға өзі уақыт керек болып тұрады. Өйткені үлгермейді. Соның орнына біз, сондай ниша бар, курьерская доставка деген и сол айтқаным бойынша адам үлгеру үшін курьерская доставкадан заказ бере салады. Серік секілді курьерлікті күнкөріс көзі еткендер жетеді. Ал мұны мамандар дұрыс деп санайды. Себебі, мемлекетте жұмыссыздық мәселесі онсыз да күрделі. Қайта олар ешкімге масыл болмай, табыс тауып жүр дейді. Жәдігер ТАЩЕГУЛОВ, ҚР ЕХӘҚМ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Біз қазір әлеуметтік кодексті әзірлеу аясында курьерлердің қызметін заңдастыратын және олардың интернет платформаларының операторларымен қарым-қатынасын реттейтін нормативтік базаны қарастырудамыз. Осындай қызметтің ерекшеліктерін реттейтін тиісті бапты Еңбек кодексінде бекітеміз. Курьерлік сала пандемиядан бастап елімізде ерекше дамыды. Локдаун мен карантин біткеннен кейін де үйге тапсырыс беру әдеті сақталып қалған. Тұрғындардың айтуынша, ол қымбат болса да уақытты үнемдеуге жақсы. БЛИЦ: - Мысалы уақыты болмай жатқан кезде адам интернет арқылы беріп, уже үнемдей алады уақытын. - Кейде дәрі, кейде киім. Әр кезде әрқалай. Негізі в основном басым халық тамақ заказ береді. - Ақшаны үнемдемей, уақытты үнемдегенді жақсы көретін адаммын. Алайда, сарапшылар маңдай термен тапқан ақшаны бейберекет оңды-солды жұмсаған дұрыс емес дейді. Бір күн тапсырыс берген тағамның ақшасына бір аптаға жететін азық-түлік алуға болады. Мәселен, таңғы асқа-жұмыртқа, түске- палау ал кешкі асқа- сиыр еті қосылған кеспе сорпасын тапсырысқа берсе, бір адам күніне кемінде 6400 теңге жұмсайды. Ал осы ақшаға сіз бір аптаға жететін тағамның игредиенттерін алуыңызға болады. Яғни, сіз сонда 44 800 теңге үнемдейсіз. Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Курьерлік қызметке жастар тарапынан жиі болғандығы ата-аналары үшін де ауыр салмақ деп ойлаймын. Шынайы қажеттіліктен емес, көп жағдайда байқап отырсақ жастардың дайын асқа тық қасық деген сияқты дайын нәрсеге құмарлығы, көп жандарын қинамай, дайын дүниені алып тұтына беруі бір бейім болып бара жатқандығы байқатады. Бұл - алаңдатарлық жағдай. Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, елімізде былтыр 52 млрд теңгеге жуық курьерлік қызмет көрсетілген. Өңірлік бөліністе курьерлік қызметтердің ең үлкен көлемі Алматы қаласына тиесілі, ТОП-үштікте онан кейін Астана қаласы мен Қарағанды облысы тұр. Ал Ұлытау облысының тұрғындары жеткізу қызметін онша пайдаланбайтын көрінеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елдос Сметов жоғары лауазымды қызметке бара ма?
Ақтауда ұшақ апатынан аман қалып, ауруханаға түскен бір азаматтың кім екені анықталды
Түркиялық БАҚ-та апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты тың дерек шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Олжас Бектенов көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды