Елімізде жасанды ұрықтандыруға 7000 квота бөлінді

Еліміздегі жас отбасылардың 30-40 проценті бала сүйе алмайды. Әйелдердің бедеулігі, ерлердің белсіздігі белең алып тұр. Соған байланысты жасанды ұрықтандыруға сұраныс артқан. Биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 7 мың квота бөлінді. Бұл мүмкіндікті кімдер пайдалана алады? Әйгерім Пернебек мамандардан сұрап білді. Он жылдап бала сүйе алмай жүрген отбасы көп. Сарыла күткен сәби болмағасын ажырасуға бел буатындары бар. "Аңсаған сәби" бағдарламасы көптің күпті болған үмітін оятты. Нәтижесін көріп жатқандары да жетерлік. Венера АХМЕТОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біздің отбасы құрып, сәбиді аңсап қаншама жыл, бізде сәби күтіп қаншама жыл жүрдік. Әрине бірінші Алланың қалауымен, одан кейін осы ЭКО әдісімен 6 жыл дегенде аңсаған жүктілігімізге қол жеткізіп. Былтыр ғана сәби сүйіп ата-ана атандық. Қуанышымызда шек жоқ. Жиырма жылдан кейін егіз баланың ата-анасы атанды. Осындай қуанышқа кенелгендер де бар. Әйгерім ДҮЙСЕНБАЕВА, ДӘРІГЕР-РЕПРОДУКТОЛОГ: 41 жасар егіз бөпелі болды. Бір ұл бір қызы бар. 20 жыл бойы осы аңсаған сәби бағдарламасы бойынша кезекте тұрып, қосымша анализдерін тапсырды, 20 жыл өтіп кеткенін, қалай өтіп кеткенін бімей қалып осы біздің орталыққа келіп, ата-ана атанды. Өткен жылы епімізде “Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында 2 жарым мыңнан аса сәби дүниеге келді. Талай шаңыраққа бүлдіршіннің шат күлкісін сыйлаған мамандар квота санының көбейгеніне қуанышты. Кезекті жылдап күткен ерлі зайыптылар қазір бір жылда тіпті 2-3 айда квотаға іліге алады. Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, "ЭКОМЕД" АДАМ РЕПРОДУКЦИЯСЫ КЛИНИКАЛАР ТОБЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ: 2021 жылы “Аңсаған Сәби” бағдарламасы басталды. Сол кезде 7000 квотадан 2500 астам бала дүниеге келді. Ол -керемет көрсеткіш. Яғни әрбір екінші, үшінші әйел жүкті болды. Әлі олардың біраз қатырылған эмбриондары бар, креоконсервация жасалған. Әлі де біраз бала туады, сол 2021 жылғы квотадан. 2022 жылғы квотадан қазір алғашқы балалар туылып жатыр. Сондықтан оның нәтижесі бірден белгілі болмайды ғой. Мамандардың айтуынша, жасанды ұрықтандыру клиникаларына шетел азаматтары да жиі келеді. Себебі еліміздегі репродуктология қызметі қолжетімді. Алайда бағасы шарықтап барады. Дәрі-дәрмегін қоспағанда 500-600 мың теңгеден басталады. Ал барлығын есепке кіргізсе бір жарым миллион теңгеден асып түседі. Ә. Пернебек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді