Елімізде жеке детективтердің қызметі туралы арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр

Елімізде жеке детективтердің қызметі туралы арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр. Заң жобасы 5 тарау, 25 баптан тұрады. Детективтер көмекке жүгінген азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізе алуы мүмкін. Олардың қызметі ақылы болмақ. Ол келісімшарт жасау арқылы шешіледі. Сондықтан оларға лицензия беріледі. Жеке детективтерге қойылатын басты талаптың бірі- ішкі істер саласында 10 жылдан астам жұмыс істеген болуы тиіс. Бұған дейін бірнеше мәрте көтерілген заң жобасы араға жылдар салып қайта қолға алынды. Абзал ҚҰСПАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:Қазақстанда жеке детектив туралы заң қабылданбады деп айтуға болады. 2000 жылдардың басында Мәжіліске 3 рет кіріп, үшеуінде де неше түрлі қарсылықтарға тап болып, қабылданбай қалған, былайынша айтқанда осы кезге дейін жолы болмай келе жатқан заң жобаларының бірі. Ол жерде әртүрлі себеп мүмкін енді заңның жобасы да шикі болуын мен жоққа шығармаймын. Бірақ белгілі бір дәрежеде олигархат қарсы қабылданбауына мүдделі болды деп айтуға болады. Сарапшылардың айтуынша, жеке детективтер ел Конституциясы, әзірленіп жатқан «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасын және басқа да нормалар мен актілерді қатаң сақтауы тиіс. Бұл заң жобасына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Нұртай ИМАНҒАЛИЕВ, ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:Бұл - негізі жоба. Сондықтан әлі өзгеріске түсуі мүмкін. Заң қабылданған жағдайда ҚР Парламенті жанындағы жұмыс топтары құрылып, сол жерге сарапшылар, эксперттер шақырылып, жаңа баптар әрқайсысы зерделеніп, таразыға салынатын болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"10-11 жастағы қыздарға ғашық": Танымал блогердің басы дауға қалды
Жапония қазақстандық компанияға қарсы санкция салды
2025 жылы Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы өседі
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды