Еңбек ресурстарын дамыту орталығы елімізде сұранысқа ие мамандықтар тізімін жариялады. Электронды еңбек биржасының мәлімдеуінше, желтоқсан айында жылжымайтын мүлік агенттеріне, әлеуметтік қызметкерлерге, күзетшілер мен менсанитарларға, аспаздарға, сондай-ақ тәрбиешілер мен олардың көмекшілеріне сұраныс жоғары болған. Бос жұмыс орындары әсіресе, Алматы, Түркістан облысында көп.Александра МОЛЧАНОВСКАЯ, «ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Желтоқсан айында білікті қызметкерлерге жоғары сұраныс байқалды, 58,7 мың бос жұмыс орнын ұсынушылар жұмыс іздеушілерден кәсіби біліктіліктің болуын талап етті. Алайда бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда төмен. Алдыңғы айда қажеттілік 69% -ға тең болған еді. М. Қалиасқар