Елімізде жол бойында 300-ге жуық әжетхана жетіспейді

Елімізде жол бойында жолаушылар мен туристер үшін 300-ге жуық әжетхана жетіспейді. Бұл туралы «Kazakh Tourism» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов мәлім етті.«Біз 2018 жылы әжетханалар бойынша тексеру жүргізіп, 500 әжетхана жетіспейтінін анықтадық. Содан бері жанармай құю бекеттерінде және көлдер жағасында 200 әжетхана салынды. Сонымен қатар әжетханаларды күтіп ұстауға субсидия беру енгізілді. Бүгінде тағы 300 салу керек. Бұл –бірлескен жұмыс, себебі «Kazakh Tourism» өздігінен әжетханалар салуға құқығы жоқ. Біздің міндет – әжетхананы қайда салу керегін көрсету және жергілікті атқарушы органдар мен бизнеске көмектесу. Біз –проблемаларды анықтаушы органбыз. Жалпы туризмге 30-дан астам саланың қатысы бар», - деді Қайрат Сәдуақасов. Сондай-ақ спикер «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының жұмысына қатысты сын айтылатынын жеткізді. «Турбизнесті қорғау керек, біз Үкіметке туризм саласының үнін жеткізушіміз. Оның ішінде әжетхана мәселесі де бар. Әкімдіктер өңірдің туристік әлеуеті бар ма деген мәселені шешіп алуы керек. Біз әкімдіктерге өңірдегі негізгі туристік маршруттар, жол бойындағы дәретханалар мәселесі және олардың қанша көлемде жетіспейтіні туралы ақпарат бердік. Бүгінде елдегі жанармай құю бекеттерінің 75%-ы жол бойындағы қызмет бойынша ұлттық стандарттарға сәйкес келеді. Бұл жағдайды «ҚазАвтоЖол» компаниясы қадағалайды. Бұл бағытта бірнеше жыл бойы бірлесіп жұмыс істеп келеміз», - дейді спикер. Бұған дейін «Kazakh Tourism» АҚ басқарма төрағасының орынбасары танымал тұлғалар арқылы туризмді қалай дамытуға болатынын айтып берген еді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді