«Елімізде жұмыс істеп тұрған 68 сейсмикалық станса аздық етеді»,- сарапшы

Жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда құрылыс салушыларға қойылатын талап күшеюі мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты. Оның сөзінше, Түркиядағы жағдай көптеген елді сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қайта қарауға мәжбүр етті. Қазақстан да одан шет қалмайды. Ел аумағының 40%-дан астамы жер сілкінісі түріндегі табиғи апаттарға бейім.Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Бақытымызға орай, өткен ғасырларда Қазақстан аумағында жойқын жер сілкінісі болған жоқ. Бірақ бұл «қол қусырып отыруға болады» деген сөз емес. Жақында бізге, Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымына Сейсмология институты берілді. Жыл соңына дейін 30-дан астам сейсмикалық станса іске қосылады. Бұл жер сілкіністерінің қаупін егжей-тегжейлі талдауға көмектеседі. Қазір республика бойынша 68 сейсмикалық бақылау стансасы мен пункт жұмыс істеп тұр. «Бірақ бұл сейсмикалық ахуалды жақсартып, нақты болжам жасау үшін аздық етеді»,- дейді сарапшылар. Жансая ДОСЫМБЕКОВА, «АЛМАТЫ» ОРТАЛЫҚ СЕЙСМИКАЛЫҚ ОБСЕРВАТОРИЯ БАСШЫСЫ: Стансалардың санын көбейту керек. Бұл жерде тек қана біз сейсмикалық бақылау жүргізбейміз. Сонымен қатар геофизикалық, гидрогеологиялық, биологиялық бақылаулар жүргізіп отырамыз. Және жердің қазіргі заманғы қозғалысын да зерттеп отырамыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Григорий Бабаян: Қарсыластың деңгейі жоғары болды
Қосшыда қоқыс шығару құны төмендеді
Лисаковскіде караокедегі адам өлімімен аяқталған төбелес: сот үкімі шықты: 13 желтоқсан 2024, 12:33 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
«Дикий Арманның» соты қашан өтетіні белгілі болды
Құтқарушының құрметті жолы
Қостанай облысында түнгі клубта кісі өлтірген күдікті сотталды
eGov Mobile қосымшасында Қазпошта қызметтері қосылды
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
ШҚО-да алимент төлемеген 44 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау