Жыл басынан бері адам саудасына байланысты 111 қылмыс анықталды. Президенттің қабылдауында болған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осылай деді. Қазір ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттері бойынша 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сондай-ақ,14,3 тонна есірткі, соның ішінде 71,5 келі героин тәркіленген. 52 есірткі зертханасын жойылды. Министр еліміздегі криминогендік ахуал, қылмыс санының азаюы, есірткі қылмысына қарсы күрес және басқа да бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы есеп берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Президентке отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағандарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату шаралары туралы да айтылды. Қазір мұндай құқықбұзушылықтар жәбірленушінің арыз-шағымынсыз тіркеліп, іс қозғала береді. Сонымен қатар құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: Аса ауыр қылмыстардың тіркелген қылмыстары азайып келеді. Мысалы айтатын болсақ, қасақана кісі өлтіру фактілері 40 пайызға, бұзақылық 39 пайызға, ұрлық 28 пайызға, тағы басқа елдің мазасын алып жатқан қылмыстардың тіркеуі азайды.