Елімізде жыл басынан бері 3670 онлайн казино бұғатталды

ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті онлайн казиноларды анықтау және бұғаттау бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Осы жылдың басынан бастап 3670 интернет-казино бұғатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Сондай-ақ сот шешімінің негізінде 5 букмекерлік кеңсе мен 2 тотализатордың лицензиясы тоқтатылды. Бұған лицензиялық алымды төлеу бойынша қарыздар, ойын аймақтарынан тыс тіркеу, міндетті резервтің болуы бойынша талаптарды орындамау және басқа да бұзушылықтар негіз болды. 2022 жылы Комитет 4 ойын автоматтары залына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізген болатын. Тексеру нәтижелері бойынша 1 зал жабылып— лицензиядан айырылды, 3 залдың қызметі тоқтатылды және 6 әкімшілік айыппұл салынды. Жасыратыны жоқ, онлайн-казинолар және, атап айтқанда, олардың жарнамалары оңай жеңіске жетуге уәде береді - құмар ойыншылардан ақша табуға тырысады. Бұған қарсы тұру үшін біз интернетте мониторинг жүргіземіз және қолданыстағы лицензияларды тексереміз. Мысалы, 4 букмекерлік кеңсенің, 3 тотализатордың және 1 ойын автоматтары залының лицензияларын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр,-деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев. 2019 жылы елде интернет-ресурстарды мониторингілеу үшін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұл бірден бірнеше мемлекеттік органдарға, соның ішінде Мәдениет және спорт министрлігіне интернет-казиноларды жедел анықтауға және оларға кіруге тыйым салуға мүмкіндік береді. Бұл ретте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп анықталған интернет-казиноларды бұғаттау туралы ақпаратты қарау мерзімін қысқарту жөнінде шаралар қабылданды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы