Елімізде жыл басынан бері 40 мың отбасы құрылды

"Отан отбасыдан басталады". Жанұя -кез келген елдің ұйытқысы. Бұл жай ұрандату емес, расында мықты мемлекет құру үшін әр шаңырақ өз іргесін нықтап қалауы қажет. Отбасылық құндылық сақталған, тәрбие мен білім қатар берілген ыстық ұяда береке-бірлік, татулық пен ынтымақ, сыйластық болады. Қызылордалық Қосынбаевтар отбасының іргесі 11 жыл бұрын құрылған. Қазір көпбалалы. Бір ұл, төрт қыз тәрбиелеп отырған жұп – үлгілі отбасы құру үшін ең алдымен тәрбиені түзеу керек деген ойда. Қанат ҚОСЫНБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Маңыздысы тәрбие ғой. Одан кейін білім. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп отбасымызда, жалпы ұлттық құндылықтарды айтып отырамыз. Біз де үлкен өнегелі отбасынан шыққан ұрпақтармыз. Негізі ұстаздар отбасынан шыққанбыз. Жанар ҚОСЫНБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Ата-енемізбен бірге тұрамыз. Үйде үлкендеріміз бар. Балаларымызға әрқашан ұлттық құндылықтарды айтып өтеміз. Ал павлодарлық Омаровтар отбасы- 6 бала өсіріп отырған берекелі шаңырақ. Отағасы - төтенше жағдайлар саласының маманы. Күні-түні ел үшін қызмет етеді. Ал отанасы үйде балаларды қарайды. Үйдің тұңғышы әке жолын қуып, әскери саланы таңдаған. Қазір шетелде білім алып жатыр. Қалғандары мектеп, балабақшаға барады. Бұл отбасында мейрам қарсаңында бір дастархан басына жиналу дәстүрге айналған. Берік ОМАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Барлық Қазақстан отбасыларын құттықтаймын. Барлық жақсылық тілеймін. Балаларымыз аман болсын! Жұмыс істеп жатқанымыздың барлығы балалар үшін. Нұргүл ПАЗЫЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біріншіде шыдамдылық керек. Жолдасыңды сыйлау керек. Жұмысын сыйлау керек. Өзіңді де ұмытпау керек. Өзіңді де сыйлау керек. Елімізде өзгеге үлгі болатындай жанұя көп. Алайда көмекке зәру отбасылар да аз емес. Қазір оларға қолдау көрсететін орталықтар жетерлік. Елордадағы «Жанұя» орталығы 413 отбасыны, яғни екі мыңнан аса тұрғынды сүйемелдеп келеді. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш күн сайын өзгеріп отырады. Құралай ЖАНҰЗАҚОВА, «ЖАНҰЯ» ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл отбасыларға бізден заңды көмек, психологиялық көмек, сүйемелдеумен көмек, сүйемелдеуде барлық отбасын алып жүреді бір маман. Жоспар жасалынады. Сол жоспар бойынша жұмыс жасайды. Елімізде соңғы үш айда неке қиғандар көп. Олардың саны 26 мыңнан асып жығылады. Ал былтырғы жылдың шілде айынан бастап 103 мыңнан аса неке тіркелген. Сондай-ақ жыл басынан бері 40 мың шаңырақ құрылды. Некелесу бойынша Алматы, Астана және Шымкент қалалары көш бастап тұр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ғани Қайназаров Қазақстан футбол федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
«Қара бауыр қасқалдақ»: Желтоқсан оқиғасын суреттейтін әйгілі әннің шығу тарихын білесіз бе
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды