Елімізде жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 400-ге жуық жол-көлік оқиғасы болды

Елімізде жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 400-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бағасы қолжетімді болған соң, мопед тізгіндеушілердің қатары көбейіп барады. Дегенмен жоғары жылдамдықпен жүйткіп, жүгенсіз кеткен жүргізушілер үшін тәртіп күшеймек. Енді мопедтер механикалық көлік құралына жатқызылып, тіркеуге алынады. Ал жүргізушілері мемлекеттік баж салығын төлейді. Мопедтердің жол жүрісін реттейтін Заң жобасында тағы не айтылған? Тілшіміз тарқатады. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Микромобильді көліктер мен мопедтер күнделікті тіршілігімізге дендеп енді. Кептелісте тұрмайсың, діттеген жеріңе жылдам әрі ыңғайлы жетуге таптырмас құрал. Бұл арқылы кәсіп бастап, тиын-тебен тауып жүргендер де жетерлік. Мопед мініп, дорбаларын асынған курьерлерді көшеден жиі көреміз. Солардың бірі - 53 жастағы Станислав Бабенко. Ол мопедтердің қауіпті тұстары барын мойындайды. Сондықтан Заңның күшейгенін құптап отыр. Станислав БАБЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біз де басқа көлік құралдарының жүргізушілері сияқты әр ісімізге жауап беруіміз керек. Мопедтер үшін ережелер қатаңдатылғанымен келісемін. Мұның бәрі азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр ғой. Заң бәріне бірдей болуы керек. Ерсілі-қарсылы ағылып, қапыда әр бұрыштан шыға келетін мопедтер бүгінде жаяу жүргіншілер мен автомобиль жүргізушілеріне айтарлықтай ыңғайсыздық тудырып отыр. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Жиі көремін, олар өте қатты жүреді ғой. Мопедпен балалар жүреді, жастар жүреді көбіне. Менің ойымша, Заң жүзінде оларды азайтқан дұрыс. Не болмаса өздеріне бөлек жол салу керек. - Құлап қалады, машинаның астына түсіп қалуы мүмкін қатты жүрсе. Пешеходтарға, үлкен кісілерге қауіпті. Соғып кетуі мүмкін кішкентай балаларды да. - Заң бойынша болу керек қой бәрі. Сол енді айтарым. Қоғамда қызу талқыға түскен Заң жобасы Мәжіліс отырысында талқыланды. Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады. Онда қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден кем мопедтерді мемлекеттік тіркеу, мопед жүргізушіне қойылатын талаптарды белгілеу бойынша бірқатар нормалар ұсынылды. Ақтоты БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін оларға мемлекеттік нөмірлік белгілер беріледі. Сәйкесінше, мопедтерді басқару үшін міндетті түрде А1 санатындағы жүргізушілік куәлік қажет болады. Мопедтер жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлармен, жолдың жиегімен қозғала беретін. Қазір олардың саны көбеюіне байланысты, жылдамдығы артуына байланысты олардың барлығын көлік құралына арналған жолдармен жүруге ғана рұқсат береміз. Айта кету керек, былтыр электрлі самокаттар ресми көлік құралы деп танылған болатын. «Осының нәтижесінде самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны екі есе төмендеді»,- дейді мамандар. Ал сарапшылардың пікірінше, самокат пен мопед – заман талабы. "Оларды қаланың инфрақұрылымына кіріктірудің тиімді тетіктерін табу қажет" дейді. Ануар ЖҮСІПОВ, МИКРОМОБИЛЬДІ КӨЛІКТЕРДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША САРАПШЫ: Самокаттар микромобильді көліктер үшін арналған жолақтармен жүруі тиіс. Бірақ елімізде ондай жолақтар көп емес. Бұл -микромобильді көліктерді дамытудағы мәселенің бірі. Мопед тізгіндеушілердің саны басқа да дамыған елдердегідей тек өсе береді. Мемлекеттік органдар бұл саланы дамытып, реттеп отыруы қажет. 2023 жылы мопедтердің қатысуымен болған жол апаттарының салдарынан 3 адам қаза болды. 300 - ге жуық адам жарақат алды. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 4 есе көп.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маңғыстау облысында есірткіні халықаралық деңгейде жеткізіп жүргендер ұсталды
«Иншалла, күзде менде үш бірдей титул болады»: Әлімханұлы келер жылға жоспарымен бөлісті
Бүгін бес қалада ауа ластанады
Екі халықаралық есірткі арнасы жойылды
2050 жылға қарай Қазақстанда қала халқының үлесі 70 пайызды құрайды
Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасады
Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасы
Ақтау әуежайында ұшақ апатына дейін және кейін не болғаны белгілі болды
TUŃǴIYQ, ERÝLIK және ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығады
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Әзербайжан ұшақ апатынан зардап шеккендерге қанша өтемақы төлейді
Актауда ұшақ апатынан зардап шекккен Әзербайжан азаматтарын шығарып салды
Еліміздің басым аумағында қар жауады
Қазақстанда кедейлік шегі өзгерді
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
«Жастарға жұмыс»: 46 адам мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасты
Алматы қаласы маңында жер сілкінді
Есірткі бизнесінде қолданылатын химиялық заттарды бақылау үшін Таргетинг-орталығы құрылады
Алматы маңында жер сілкінді
СҚО-да 46 жас маман "Жастарға жұмыс" жобасы арқылы жұмысқа тұрды
Қасіретті қаңтар оқиғасының астарын ашқан кітап
Жүргізушілерге 6 өңірде ескерту жасалды
Жұма күнге арналған валюта бағамы
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін табылған қара жәшік қашан ашылады