Елімізде жыл сайын 600-ге жуық баладан онкологиялық ауру анықталады

Елімізде жыл сайын 600-ге жуық баладан онкологиялық ауру анықталады. Науқастар саны бойынша Астана қаласы, Алматы мен Түркістан облыстары алда тұр. Бір өкініштісі, жаман аурудың жасарып кеткені соншалық туғанына 1-2 ай болған сәбилер де қауіпті дерттің тырнағына ілінуде. Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күнінде әріптесім Мерей Қалиасқар жаман аурудан айыққандармен тілдесіп келді.Жасы үштен енді асқан атыраулық Айкөркем өзінің қатерлі ісікке шалдыққанын қайдан білсін?! Кішкентай ағзадағы күрделі өзгерістердің себебі жаман ауру екені бір айдан кейін ғана анықталды. Гүлсім ИМАШЖЕКСЕНҒАЛИ, АТА-АНА: Тұқымымда ешқашан ондай болмаған. Бір апта ауырады, бір апта жазылады. Қан талдамаларын тексеріп қарағанда гемоглобин, тромбоцид дегендер, сосын екі күнде мұрын тоқтамастан қанады. Острый лимфобластный лейкоз деген диагноз бойынша осында келдік. 7-8 ай көлемінде аман-есен барлық протоколдан өтіп, осы бүгін мерекеге сәйкес чемпион болып, жеңіп шығып жатырмыз. Нұргелді де қатерлі дертке төтеп бергендердің бірі. Бүгін ол науқас балалардың көңілін көтеру үшін, ерік-жігерін шыңдау үшін арнайы келіпті. Нұргелді НҰРБОЛАТ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 2019-да ауырғанмын, сосын 2020-да жазылғанмын. Қайтадан ауырдым, содан кейін 5 ай жаттым, донор ағам болды. Содан кейін трансплантацияға кірдім, пересадка жасалды. Содан кейін міне врачтардың арқасында жазылып шықтым. Сынақты бала көтермесін, ауырмасын деймін. Елімізде қатерлі ісік дертіне шалдыққан балалардың негізгі терапиясы Алматы мен Астанада жүргізіледі. Екі орталықта 286 төсек орын бар және 51 балалар онкологы мен гематологы жұмыс істейді. Республикалық орталықтарда жылына 5000-ға жуық бала емделеді. Гүлшат КӨШЕРОВА, «UMC» КҚ АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОНКОЛОГ-ГЕМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ: Лейкозбен ауыратын балалар жылына 240-280-ге дейін жетеді. Егер лимфобласты лейкоз болса, 80 процент айығып кетеді аурудан. Ал миелобласт болса, 60 процентке дейін жетеді. Негізгі бастапқы ем барлығы біздің орталықта жасалынады. Егерде емге донор болмаған жағдайда басқа елге жіберіледі квота арқылы. Ел бойынша есепте тұрғандар саны 20 процентке артқан. Мыңдаған отбасының үміті мен үрейі арпалысуда. Мамандар жаман аурудан айығуға кем дегенде жарты жыл уақыт керек дейді. Бірақ, оған жеткізбей, обырға жол бермеу керек! М. Қалиасқар

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Лига Кубогінің финалында “Жеңіс” пен “Астана” бақ сынасады
Жемқорларды ұстауға көмектескендер қалай қорғалады?
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Рейсті 15 сағат кешіктірген: «Эйр Астана» тағы айыппұл арқалады
Алматыда №12 мамандандырылған гимназия ғасырлық мерейтойын атап өтті
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
ТЖМ құтқарушылары елордада жаппай рейд өткізді
Жасырын қауіп: үйдегі бұл заттарды ай сайын ауыстыру керек
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Қызылорда облысында газ желісіне қосылған ауылдар саны артты
ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті