Елімізде жылына 22 мың сәби шала туады

Қазақстанда жылына 22 мың бала шала туады. Бұл -дүниеге келген сәбилердің 5 пайызы. Бүгін, 17 қараша – дүниежүзілік шала туған нәрестелер күніне орай тілшіміз шалабайлардың жағдайымен танысты.Айлана осыдан 2 ай бұрын дүниеге келген. Туғанда 963 грамм болған сәбидің салмағы қазір 2 келі 200 грамм. Анасының айтуынша, қызы 27-і аптада туып, арнайы медициналық құрылғыда жатқан. Сәби 4-5 күн бұрын ғана палатаға шықты. Анар МАРАЛ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қызымыздың жағдайы қазір жақсы. Біраз уақыт реанимацияда жаттық. Қазір овнда жатырмыз. Дәрігерлерге үлкен алғысымыз шексіз. Әлемде жыл сайын 15 миллион нәресте шала туады. Яғни, орта есеппен әрбір оныншы бала мерзімінен бұрын дүниеге келеді. Өмір есігін мерзімінен бұрын ашатын сәбилердің саны жылдан жылға артпаса, азаяр емес. Қазір 27 немесе одан да аз аптада 500-1000 грамм салмақта туатындар көп. Медицина тілінде мұндай балаларды «экстрималды шала туған нәресте» деп атайды. Ирина БОЖКО, №3 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА НӘРЕСТЕЛЕР РЕАНИМАЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІС: 9 ай ішінде аурухананың акушерлік блогында барлығы 5577 сәби дүниеге келді. Оның 358-і шала туған. Бұл -6,4 пайыз. Соның ішінде 33 нәрестенің салмағы бір келіге жетпейді. Бұл ең төмен дене салмағы болып саналады. Экстрималды шала туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 61 пайыз. Бұл -нашар көрсеткіш емес. Шақалақтың шала тууына себеп көп. Ең алғашқысы - жүкті әйелдің ерте мерзімде есепке алынбауы. Сонымен қатар созылмалы соматикалық аурулары да баланың мерзімінен бұрын тууына әсер етеді. Ұлсерік ҚАЛИБЕКОВА, НЕОНАТОЛОГ-ДӘРІГЕР: Әйел кісілердің зиянды әдеттері, темекі шегу деген секілді, сондай зиянды әдеттері негізгі себепкер болып есептелінеді. Одан кейін әйел кісінің өзінің жұмысына байланысты өнеркәсіптік зиянды заттармен жұмыс жасайтын кісілер болуы мүмкін. Соның да себебімен ерте туылып қоюы мүмкін. Құрсақтағы сәбиінің он екі мүшесі сау болуын тілеп жүргенде, ай-күні жетпей ерте босанып қою қай ата-анаға да оңай емес. Шалабайды дүниеге әкелген соң оның адам қатарына қосылып кетуіне ең алдымен анасының қолдауы қажет. Сондай-ақ анаға да психологиялық көмек керек. Осы орайда аурухана дәрігерлері мерзімінен бұрын босанған аналарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Венера ХАСАНОВА, НӘРЕСТЕЛЕРДІ КҮТУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Егер жаңа босанған әйел ашуланып, уайымдайтын болса, оған психологтар көмектеседі. Мейірбикелер мен дәрігерлер де анамен тығыз байланыс орнатып, оған жағдайды түсіндіруге тырысады. Баланы анасына қауыштырғанға дейін барлық ережелер ескертіліп, қандай қолдау керек екенін айтамыз. Анасы баласын дұрыс ұстауды, тамақтандыруды үйренген соң ғана палатаға шығарамыз. Мамандардың айтуынша, мерзімінен бұрын туған балалардың 70-80 пайызы өмір сүруге қабілетті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бөлшектеп тастаған. Ер адам бұрынғы сүйіктісінің жігітін айуандықпен өлтірген
Сыйақыны бопсалайтын қызметкерлерді жазаға тарту мәселесі талқыланды
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Депутаттар ішкі істер министріне көлікті 5 минут қыздыру қисынсыз екенін айтты
ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер марапатталды
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті
Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесті
Кибербуллингтің шариғи үкімі қандай?
Қазақстанда пара беруді ұсынғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды
Ақтөбе тұрғынынан құны 12 млн теңге болатын марихуана тәркіленді
«Баға қайда кетіп барасың?» деп жыламсырайтын жағдайға да жеттік – депутат
Бублик пен Шевченко Australian Open турнирін сәтсіз аяқтады
Көршілері ұстап берген: Көлігін 5 минуттан артық қыздырған алғашқы азаматқа айыппұл салынды
Ақтөбеде мектепке жақын жерде алкомаркет ашылған
Алматыда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі тексерілді
Қазақстан-Британ университетіндегі өртті сөндірген құтқарушылар марапатталды
Депутат әлеуметтік педагогтар мен техникалық персоналдың айлығын көтеруді талап етті
Ақтаудағы ұшақ апаты: қара жәшіктер Қазақстанға қайтарылды