Елімізде IT және өндіріс саласында тәжірибелі мамандардың аздығынан кадрды шет елден алдыруға тура келеді. Оларға 3 есе жоғары жалақы, бір жылдық тегін баспана беріледі. Ал өзге елде білім жетілдіретін қазақстандық жастар көбіне гуманитарлық бағыттағы мамандықтарды таңдайтын көрінеді. Толығырақ тілшіміз Мирас Жолдыбалин тарқатсын.Статистика бойынша, 30 жылда «Болашақ» бағдарламасымен 12 000 мың жас өзге елде білім алып келген. Алайда, олардың арасында IT және өндіріс саласы бойынша маман аз. Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көргендердің бірі-Самат Нұртаза. оның айтуынша, қай мамандыққа сұраныс жоғары, соған басымдық беру керек. Самат НҰРТАЗА, «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ: Менің ойымша ең бірінші бұл мұғалімдер мен дәрігерлер жетіспейді деп есептеймін. Себебі мемлекеттің, қоғамның жалпы халықтың денсаулығымен білімі бірінші кезекте болу керек деп ойлаймын.Сондықтан соған акцент қою керек деп есептеймін. Электронды еңбек биржасының дерегі бойынша да, елімізде денсаулық сақтау, білім беру және де өзге де қызметтер көрсету саласының мамандарының тапшылығы байқалады. Ұлпан ШЕГЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Еңбек нарығында IT мамандары тапшы болып табылады. Одан басқа стэн бағыттарының мамандары бұл инженерлер,және басқа техникалық мамандар. Бұл бір жағынан жаңағы демографиялық ахуалдың көрінісі болып табылады. Халық саны ұлғайған сайын, әрине оларға көрсетілетін қызметтер саны көбеюі керек. Отандық жоғарғы оқу орнын бітіргендердің 65 проценті ғана жұмысқа тұрыпты. Ал шет елден 14 мың азамат елімізге еңбек етуге келген.Жастар негізінен әкімшілік жұмыстарды қалайды. Көп бас ауыртқысы келмейді дейді сарапшылар. Сондықтан кадр тапшылығы мәселесі туындайтынын айтады. Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ: Бізде бүгінгі күнде Қазақстанның жалпы салаларын алатын болсақ, ауыл шаруашылығында адамдар жетіспейді,мехонизаторлар жаңағы автоматизация мәселесінде, цифровизация мәселесінде көп ауылда осындай кемшіліктерді көреміз. Соның салдарынан шетелден әкелінген талай техника тұр іске қосылмай. Ал оның тілін білтін тағы маман жоқ. Бұл олқылықты жоймаса, жағдай онан әрі қиындай түспек. Кейбір салалар бойынша зейнет жасындағы ескі кадрларды ауыстыратын да адам таппай қалуымыз мүмкін дейді сарапшылар. М. Жолдыбалин