Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 16 жасқа дейін 6 162 мың бала бар, оның 51,4%-ы ұлдар болса, 48,6%-ы қыздар. Қалалық жерлерде 3 664 мың бала тұрса, ауылдық жерлерде – 2 497 мың бала тұрады.Өңірлер бөлінісінде балалардың ең көп саны Түркістан облысында – 836 мың, одан кейін Алматы қаласы және Алматы облысында, сәйкесінше 592 мың және 498 мың баладан. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кішкентай қазақстандықтарды мерекесімен құттықтады.