Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қар барысының саны рекордтық деңгейде азайғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Kazinform.Еске сала кетейік, кеше Energyprom мониторинг агенттігі Қазақстанда бар барысының саны 99-ға дейін азайғаны жайлы мәлімет таратқан болатын. Экология министрлігіне қарасты орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады. «Зоология институтының санағына сәйкес Қазақстандағы қар барысының саны 180 дарақтан асқан» дейді комитеттен. Айта кетейік, БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасының және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қар барысын сақтау жөніндегі ауқымды бастамасы бойынша 10 қар барысына спутниктік таратқыш орнатылған.