Арқарлардың ерте күйлеуіне байланысты биыл бұл тұяқтылардың санағы қыркүйек айының 25-29 аралығында жүргізілді, деп хабарлайды Астана телеарнасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. Оған «Охотзоопром», сондай-ақ Қаратау қорығының қызметкерлері қатысты. 2023 жылғы күзгі санақ нәтижесі бойынша қорық эндемигінің саны 1309 бас болды.Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15%-ға көп. Естеріңізге сала кетейік, Қаратау арқары еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.