Елімізде қай өңірде алкогольді сусындарды көп тұтынады

Соңғы уақытта елде ішімдікке тәуелді азаматтардың саны артып келеді.Ресми деректерге сүйенсек, алкогольдік өнімдерге әуестенген 90 мыңға жуық адам есепте тұр, деп хабарлайды Almaty.tv. Өзін Алмас деп таныстырған азамат студенттік шақтан бері ішімдіктің жетегінде жүрген. Спирттік сусындарды серік еткеніне 9 жыл болып, тек соңғы 4 айда ғана емделуге бел буған. Арақтың арбауында жүріп ер азамат үй-жайын, жиған-терген мүлігін, жақындарын, тіпті өмірлік жарын жоғалтқан. Күйзеліске бой алдырып, амалы қалмаған ол мамандардың көмегіне жүгінген. "Ішімдікке құмарлығымның әсерінен жұмыстан шығарды. Тәуелділігі бар адамдарды түсінемін, оларға көмектескім келеді. Жұмысымнан, үйімнен, көлігімнен айырылдым", – деді қала тұрғыны Алмас. Мамандардың сөзінше, қазір маскүнемдіктің өршіп тұрған маусымы. Себебі суық мезгілде спирттік сусындарға әуестеніп, шамадан тыс тұтанатындар дендеп кетеді. Бұл жекеменшік оңалту орталығына айына 15-20 адам жүгінеді. Оның шамамен 8-і ішімдіктен арылуға ниеттенеді. Алкогольге тәуелділік – өзектілігі күн санап артып келетін созылмалы мәселе. "Басты мәселе – бұл тәуелділік қоғамға әбден сіңіп, тіпті еленбей қалған секілді. Оның үстіне, ішімдік қолжетімді болып тұр. Кез келген дүкенге кірсеңіз, арақ-шарапқа көзіңіз бірден түседі. Өзін ұстай алмай қалып, өміріне балта шабылғандар қаншама?! Біз науқастарды дәрі-дәрмек, қоспаларсыз, психологиялық кеңес беру арқылы емдейміз. Әр науқастың жағдайы ерекше, орташа есеппен алғанда 4 айдан бір жылға дейін оңалтудан өтеді", – деді оңалту орталығының меңгерушісі Сергей Абуладзе.Дені сау адамның ішімдікке салынуына түрлі себеп түрткі болады. Сала мамандарының айтуынша, тәуелділік әдетте үлкен өмірге енді қадам басқан шақта басталып, тез асқынады. Мамандар "құлан таза айығудың жалғыз амалы - тәуелділікпен күресетін арнайы оңалту орталығына жүгіну- дейді. Науқастар болашақта жеке іс парағына "алкогольге тәуелді" белгісі енгізілетіндіктен емделуден бас тартады. "90 мыңға жуық адам ҚР бойынша тіркелген. Тәуелділікті емдеу бағытындағы көмек көрсету бағыты немесе программасы 3 кезеңнен өтеді. Барлық науқастарда мынадай қорқыныш бар, егерде наркологқа баратын болсам, көмек сұрауға, бұл дәрігерлер мені учетқа қояды деген сияқты ал наркологиялық учеты бар накқастарда жұмысқа тұруға мәселесі туады. Қабылдамайды ол кісілерді, сондықтан бұл жағынан барлық консультация жүргізіледі. Ол кісілерге барынша анонимді түрде, конфиденциальность гарантируется", – деді республикалық Психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психотерапевті Гүлнұр Атамбаева. Былтыр елде сот үкімінің шешімімен 12 мың адамға ішімдік ішуге тыйым салынды. Статистикаға сәйкес, алкогольді сусындарды ең көп тұтынатын өңір – Солтүстік Қазақстан, Абай және Павлодар облыстары. Ал Алматы шаһары тізімнің соңына орналасқан. Ресми деректерге сәйкес, мегаполисте 517 адам есепте тұр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған қылмыстық топ анықталды
Қазақстанның он үш қаласында ауа сапасы нашарлайды: 29 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Әлем балалары көретін «Моана 2» мультфильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті
Жандосов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
Алматы әкімі Ерболат Досаев ауыз су өндіретін зауытты қайта жаңарту барысымен танысты
Теңге бағамын тұрақтандыруға 1 млрд доллар кеткен
Алматы қаласының Түрксіб ауданында инфрақұрылымдық жоба аяқталып келеді
Жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды
Алматыда мектептердегі оқушы орындарының тапшылығы қалай шешіледі
HR Enbek порталында жұмыс беруші және жұмыскер жөнінде ой-пікір қалдыру мүмкіндігі пайда болды
Алматының Түрксіб ауданында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Астанада Алаш қайраткерлеріне арналған көрме ашылды
Әлеуметтік медициналық сақтандырудың пайыздық мөлшерлемесі өзгереді
Disney студиясының «Моана 2» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
Қызылордада қоғамдық ұйым мүшесіне 55 млн теңге жымқырды деген айып тағылды
"Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне шықты
Қазақстанның екі облысында жол жабылды
Шерзат Болаттың әкесі халықтан ақша жинамағанын айтты
Алтынай Нөгербек: Netflix жобасына түсу – маған берілген сый
Алдыңғы үш күнде ауа райы өзгереді
БАӘ-де иеленген марапат жүлдесін Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегеноваға арнады
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
Украинада ресейлік әскерилердің тағы бір тұтқындарды ату оқиғасы тергелуде
ІІМ адам саудасына қатысты статистика жариялады