Елімізде қайтыс болған 15 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегінде тұрған

Елімізде баспана кезегінде тұрған 232 мың адамның құжаты заң талаптарына сай емес. Сондай-ақ олардың 15 мыңы дүниеден озған азаматтар екені анықталды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдолдың сөзінше, бүгінде тұрғын үй кезегінде 646 819 қазақстандық азамат тұр. Сондай-ақ кейінгі жылдары олардың қатары ұлғайып келеді. Оның айтуынша, 10 жыл ішінде кезек 6 есеге артқан. "Сонымен бірге халық тарапынан аталған кезекке баспанасы бар азаматтар тұрып жатқаны туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Осыған байланысты біздің ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, аталған тізімнің заң талаптарының сәйкестігіне талдау жүргізілді. Оның нәтижесінде кезекте тұрған 96,1 мың азаматтың кейінгі 5 жылда жеке баспанасы болғаны, 533 адамның Қазақстанның азаматтығы жоқ екені, 91,4 мыңдай адамның тұрғылықты жері кезекке тіркелген өңірмен сәйкес келмейтіні, сондай-ақ 29 мың адамның тіркелмегені және 15,6 мың адамның қайтыс болғаны анықталып отыр", - деді ол. Ведомство мәліметінше, үй кезегінде тұрған 232 мыңға жуық азаматтың жеке деректері заң талаптарына сай болмағандықтан оларды тізімнен шығаруға тура келеді. "Аталған тізімді түгендеу кезектің қозғалу процесін жеделдетуге және расымен де баспанаға мұқтаж азаматтардың құқықтарын кез келген оғаш әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Бауыржан Қабдол. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Эстониялық cпортшы екі зәулім ғимараттың арасын арқан бойымен жүріп өтті (ВИДЕО)
"Белдік дұрыс бекітілмеген": Павлодарда бала 5 метр биіктен құлап кетті
Алматыда троллейбус жас жігітті қағып өлтірді (ВИДЕО)
Журналистика ардагерлеріне жаңа ақпараттық технологиялар таныстырылды
Алматы соты 12 жасар қызды ұшаққа отырғызбай қойған Fly Arystan компаниясына өтемақы төлеуді міндеттеді
2 жасар қыз 135 магниттік шарды жұтып қойды
Қазақстандық талантты футболшыға Еуропа клубтары қызығып отыр
Бүгін – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының құрылғанына 99 жыл толды
«Айқай естілді»: Астана әуежайында ер адам FlyArystan бортсерігіне шабуылдаған
Есірткі зертханасын ұйымдастырушылар сотталды
«Күйеуі еңбекқор»: Жазира Байырбекова табысты еркектер жайында сөз қозғады
Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Бүгін Туринде қысқы универсиаданың ашылу салтанаты өтеді
Моңғолиядан табылған көне түрік және соғды жазулары қашалған бітіктаста не жазылғаны анықталды
Екі өңірдегі трассаларда жол қозғалысына шектеу қойылды
Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты деректі фильм түсіріледі
Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше автожолда көлік қозғалысы шектелді
Маңғыстауда есірткі жарнамасымен айналысқан екі күдікті ұсталды
«Жыры бітпей кетті»: Қайрат Нұртастың әйелі басына түскен қиындықтарын айтты
Астаналық жас синхронистер Дубайда өткен халықаралық жарыстарда жеңіске жетті
“Бортсеріктің ішінен ұрған“. Полицейлер Астана әуежайындағы оқиғаға қатысты түсінік берді
Құдай сазайыңды берсін: Белгілі блогер жанайқайын жеткізді
Шымкентте мәйіті табылған әйел оқиғасына қатысты жаңа дерек шықты
Ғалымжан Мұстафаев жаңа қызметке тағайындалды