ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті жүргізуші куәлігін беру талаптарына түзетулер енгізбек. «Ашық НҚА» порталында қоғам талқылауына ұсынылған құжат жобасында механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру жөніндегі қағидаларына тиісті өзгеріс енгізу ескерілген. Құжатты талқылау 24 наурызға дейін жалғасады.Атап айтқанда, қазір теориялық оқытуды онлайн тәртіпте жүргізуге мүмкіндік бар. Енді бұл саладағы оқыту сапасын көтеру мақсатында тиісті өзгеріс қарастырылған. "Оқыту сапасын арттыру мақсатында онлайн және қашықтан оқыту нысандары жойылады", – делінген құжат жобасында. Ұсынылған жаңа редакцияда әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар алты сағаттан аспайтындай жоспарланатыны жазылған.