Елімізде көлік салығы болмауы мүмкін. Бұған қатысты бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр. Биыл 90,5 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланған. Ол орындала ма? Осы және өзге де ақпараттар "Экономика" топтамасында. Ар ма көрермен, эфирде "Экономика", студияда мен Оралбеков Сүндет КӨЛІК САЛЫҒЫ ЖОЙЫЛУЫ МҮМКІН: Елімізде көлік салығы жойылуы мүмкін. Бұл - салық мүлдем төленбейді деген сөз емес. Кім көлікпен көп жүрсе, салықты да көбірек төлейді. Қазір министрлікте көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстыру нұсқасы талқылануда. Қазынаға көлік салығы арқылы жылына 80 миллард теңге кіріс түседі. Шамамен 5 миллион тонна мұнай өнімдерін пайдаланамыз. Егер заң жобасы мақұлданса, жанармай бағасы 14 теңгеге қымбаттайды. Айта кетейік, ол тек қозғалтқыш көлемі 3,5 немесе 4 литрге дейінгі көліктерге жарамды болуы мүмкін. Азамат ӘМРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Мысалы, қозғалтқыш көлемі 1,6 литрлік Hyundai Accent-ті алайық. Егер жанармайға 14 теңге қоссақ, ол жыл ішінде шамамен 30 мың теңге көлік салығын төлейді. Егер көліктің қозғалтқыш көлемі үлкен болса, бензин арқылы жылына 300-350 мың теңге төлейді. МҰНАЙ ӨНДІРУ КӨЛЕМІ АЗАЯДЫ: Биыл Қазақстанда мұнай өндіру көлемі біршама азаюы мүмкін. Жыл соңына дейін жоспар бойынша 90,5 миллион тонна мұнай өндірілуі тиіс болған. Бірақ 8 айдың қорытындысы бойынша жоспар орындалмауы мүмкін. Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов жыл соңына дейін белгіленген көрсеткішке жетуге тырысатындарын айтты. ДОЛЛАР МЕН РУБЛЬ БАҒАМЫ: Бүгін доллар шамамен 1,1 теңгеге арзандады. Ұлттық банк бағамы бойынша, 1 Доллар – 460 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,87 теңге болды. Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462– 468 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 461 – 465 теңге аралығында, құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,79 – 5,01 теңге аралығында. Мендегі бар ақпарат осы. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!