Елде коронавирустан емделіп жатқан науқастар саны 1800-ден асты.Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19-ды жұқтырудың 80 жағдайы анықталды. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде коронавирус белгілері бар пневмонияның да бір жағдайы тіркелді. Ведомствоның 15 сәуірдегі мәліметі бойынша, 1 805 адам коронавирус инфекциясынан (–1 621+ және 184 КВИ-) емделіп жатыр, оның 184-і стационарда, 1 621 науқас амбулаториялық деңгейде. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.