Елімізде көзі нашар көретін оқушылар саны 60 мыңнан асады. Сәйкесінше, көзілдірік тағатындар көбейді. Ауруды асқындырмай, кінәратты қалпына келтіруге бола ма? Дәрібек Бахытбек жауап іздеді. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Күнұзақ телефонға шұқшиятынымыз жасырын емес. Бірақ осы кіп-кішкентай құрылғының адам өміріне қаншалықты зиян екенін ескере бермейміз. Балаларға кері әсері тіпті көп. Миын улап қана қоймай, белін бүкір, көзін соқыр етеді. Анаргүл Оспанованың немересі көзілдірік таққанына 2-3 жыл болыпты. Көздің қитарлығын дәрігерге тексерілгенде білген. Алғашында тіпті сенбепті. Ақ халаттылар көздің кінәраты тек операциямен қалыпқа келеді дегесін келісімін берген. Анаргүл ОСПАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біз Қызылордадан көшіп келгенбіз ғой. Сосын осы жаққа келіп көзін тексергенде көзі сондай қитары бар деді. Содан ем алып жүрміз ғой осы поликилинкадан. Жақсы енді өткенде 10 күн, 10 күннен ем алып жатырмыз ғой. Осындай түске дейін сабаққа барады. Түстен кейін алып келемін өзім. Елімізде көзі нашар көретін оқушылар саны 60 мыңнан асып жығылады. Дәрігерлер басты себеп гаджет екенін жасырмайды. Офтальмолог дәрігері Айнұр Хайруллақызы күніне 50 бала қабылдайды. Тексерістен кейін оның он бесі көзілдірік тағуына тура келеді екен. Айнұр ХАЙРУЛЛАҚЫЗЫ, ОФТАЛЬМОЛОГ ДӘРІГЕР: Ата-анасынан егер көздері нашар көретін болса, тұқым қуалау 50% беріледі. Экологияға байланысты баланың тамақтануға байланысты, витаминдердің көп жетіспеушілігіне байланысты көптеген балалардың көздері қазір көру қырағылығы 100% бермейді. Қос жанар қырағы көру үшін күтім керек. Оған көпшілік мән бермейді. Тіпті бала жыласа жұбату үшін телефон ұстата салатындар көбейді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Негізі мына гаджеттардың көп зияны бар шығар деп ойлаймын. Әрине, ГМО барлық тамақта бар ғой қазір дәмдеуіштер. Олардың да өз зардаптары бар шығар. - Біріншіден гиентика наберна. Экология шығар. Қазір бәрі телефонмен отырады ғой. Сондай керемет зияны жоқ. - Көп қой балалар қазір. Өз балама да беліңді дұрыстап ұста, отырғанда дұрыстап отыр деп айтасың. Оның бәрі міні ұмытып кетеді. Телефонға шұқылап отырады да сол күйі отырған күйі отыра береді. 24 сағат отырады десеңде болады. Көздің көру қабілетін қалыпқа келтіруге болады. Ол үшін мамандар кеңесін бұлжытпай орындау маңызды.