Елімізде күн сайын 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды

Елімізде күн сайын 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Әйелдер тепкінің астына түседі, ерлеріміз қит етсе жұдырығын ала жүгіреді. Салдарынан бірі сал болып, енді бірі өмірімен қош айтысты. Оған дәлел, соңғы екі жарым жылда үйдегі ұрыс-керістің салдарынан 300 адам қайтыс болған. Мұндай сұмдық статистиканың көбеюіне не себеп? Оған еркектің жауапсыздығы себеп пе, әлде қыз-келіншектердің тілі ащы ма? Әріптестерім жауап іздеді. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: - Сен неге айтқанды тыңдамайсың осы? – Сен неге маған қол көтересің? – Қазір қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейді. - Оған қоғамның көзқарасы қандай? – Біз шағын эксперимент түсірдік. Бірге көрейік. Эксперимент соңы осылай аяқталды. Бірі – жаны ашып, ажыратуға тырысса, енді бірі – қөз қиығын да салмады. Мән бермеуі де орынды шығар. Өйткені, қазақ қоғамы үшін отбасындағы дау – жабық тақырып. Әркім өз қазанын өзі тазалауы тиіс. Тұрғындардың біразы зорлық-зомбылықтың орын алуына әйелдердің өзін кінәлайды. «Тілі ащының тілеуі -жұдырық» - дейді. БЛИЦ-ОПРОС: - Әйел өзі тілінен табады. Сол үшін әйел күйеуінен төмен түсуі керек та.  - Шапалақ екі қолдан болады ғой. Екеуі бірдей. Бір-бірін түсінсе ештеңе болмайды. - Ақша аз табасың дейді. Сондай әңгімеден шығады ұрыс-керіс. Мен әріптесім Сүндеттің ойымен мүлдем келіспеймін. «Ыдық-аяқ сылдырламай тұрмайды» - дейді қазақ. Бірақ біз қазір қасық, тәрелкемізді тура мағынасында сылдырлататын болдық. Жанұядағы жағдайды жасырамыз деп, жұдырықпен өмір сүру – қате. Әрине, кінә екі жақтан. Бірақ сол үшін өмірлік жарын тепкінің астына алу дұрыс емес - дейді тұрғындар. БЛИЦ-ОПРОС: - Әйелді ұрған еркек – әлсіз еркек. Өзінің анасы сияқты, қарындасы, апасы бар деген сияқты ғой. Әйел заты нәзік қой. - Қазір әлем сондай. Әйелді ұру қалыпты болып қалды. Сен отбасыңды сақтаймын десең, үйдегі жарыңа құрмет көрсетуің керек. - Қазір заманға байланысты бәрінің жүйкесі құрып жүр ғой. + Бәрі жақсы болса, жұмыстары жақсы, табысы жақсы болып, үйлері болса отбасы да тыныш болады ғой. Иә, әрине, Аружан, бұл менің әйелге қол көтеру дұрыс дегенім емес. Тек "еркек – бас, әйел – мойын" екенін ұмытпаған жөн. Кінә екі жақтан болса да, ұрысты ауыздықтау әйелдің қолында. Сөзіме тұздық болсын. Психологтар еркекті тәрбиелеу, оған жылы қабақ танытып, кез келген жағдайда қолдау білдіру әйелді өрге сүйрейді – дейді. Балабек САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГ: Әйел адамдар бір рет сөйлеуі мүмкін, бір рет дұрыс қылық жасамауы мүмкін. Бір рет айтқанын істемей қоюы мүмкін. Осындай факторлар жиналып, оңтайлы сәт келгенде осыларды әйеліне айтып отырып, ұрып-соғады. Айтар ауызға бәрі оңай. Бірақ статистиканы көріп бас шайқайсың. Соңғы бес жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша өтініштер саны 3 есе артқан. Жыл сайын полицияға 100 мыңнан астам хабарлама түседі. Зәбір көрушілердің 78%-і әйел, 10% -і бала. Жанжал көбейгеннен кейін, ажырасу дерегі де артады. Былтыр 17 мың шаңырақ шайқалған. Гүлмира ШАХМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Жыл басынан бері қарай, 8 ай бойында 102 каналына отбасы тұрмыстық салада 10500-ден қоңырау түсті. Соның ішінде 6300-іне қорғау нұсқамасы шығарылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шайды қай уақытта ішкенде зияны болмайды
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жолдар жабылды
Грузияда мейрамханадан 12 адамның мәйіті табылды
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Екі облыста жол жабылды
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы