Елімізде күн сайын 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды

Қазақстанда күн сайын 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Түркістан қаласында өтіп жатқан басқосуда мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Соңғы уақытта қоғамның назарын аударып, ата-аналар қауымын толғандырған өзекті мәселенің бірі балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің көбеюі болып отыр. Сондықтан кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық жайы күн тәртібінде тұр. Түркістан қаласында өткен «Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысушылар пікірін айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғады. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Қазақстанда күн сайын 6 балаға қатысты қылмыс жасалатынын жеткізді. «1-2 бала күн сайын өз-өзіне қол жұмсайды немесе жұмсауға тырысады. Күн сайын 342 адам тұрмыстық зорлық- зомбылыққа ұшырайды. Балалар арасында 1 күнде 5 қылмыс жасалады. Буллинг мәселесі де өзекті. Жылына 150 бала терезеден құлайды немесе люктерге құлап кетіп жатыр», -деді ол. Сондай-ақ Динара Закиева бала тәрбиесімен айналысатын кадрлардың да тапшы екенін жеткізді. «Кадрларға, мамандарға қатысты үлкен мәселе бар. Мысалы, қазір 3 000 мектепте әлеуметтік педагог жоқ, бір мектепте 1 психологқа 1 500 баладан келеді. Елімізде 6,5 млн балаға 300 опека мамандары жұмыс істеп жатыр, ИДН қызметкерлерінің саны да жетіспейді», - деді ол. Айта кетейік, Түркістан қаласында «Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қайран, қазақтың ақшасы…»: Белгілі спорт журналисі «Астана» футбол клубын сынап тастады
Абай облысында І халықаралық скрипкашылар байқауы өтті
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жұмаға арналған ауа райы болжамы
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
Петропавлда өз пәтерінде қамалып қалған зейнеткер құтқарылды
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды