Елімізде қытайлық көлікке сұраныс артқан

Елімізде қытайлық көлікке сұраныс артқан. Мамандар мұны түрлі себеппен байланыстырады. Бастысы жаңа көліктің бағасы біздегі брендке айналған "Тойота" мен "мерстің" ескілерімен салыстырғанда әлдеқайда арзан әрі "ақылды үй" секілді заманауи технологиямен жабдықталған. Сондықтан кілтипаны көп көне көлікті жөндеп әуре болғанша, жұрт жаңасын мінгісі келеді. Ал еліміздегі 4 жарым млн-ға жуық көліктің жартысына жуығы- ескі. Әділдің бұған дейінгі көлігі де қытайлық болатын. Бес жыл айдап, биыл жаңасын алды. Сұраныстың көптігі соншалық, осының өзін бір ай күтіпті. Әділ КАРИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жаңа машина, биік, бордюрге қарамайды. Любой жерге парковать етесің. Бағасы да бюджетный. Осы машинаны салоннан алдым 7 миллионға. Круиз-контроль бар, сенсорный дисплей бар. Коробка вариатор, подогрев сиденья, ондай қатты көп емес, бірақ комфортқа жарайды.Атауын жаттап үлгірмей жатып, көліктің жаңа түрін ұсынатын Қытай қазір талғампаз тұтынушының қалауынан шығып тұр. Бұған отандық автоөндірістің ішкі нарықты қамтып үлгірмей жатқаны да түрткі. Сарапшылардың айтуынша, тың технология үшін бағаны өсіретін еуропалық өндірушілердің өзін артта қалдырған Қытайдың қазіргі көліктері жылжымалы гаджет секілді. Нұрлыбек РАХМАН, САРАПШЫ: Олар бір көрмеге мың жарымдай модель әкеледі. Енді бірнеше жылда түгел әлемнің автонарығында қытай көліктерінің үлкен орны болатын сияқты. Адамдар бұрынғыдай оның моторының шойын болғанына, кузовының антикоррозиялық өңдеуден өткеніне көп қарамайды. Жайлылығына, технологиясына қарап алып жатыр. Бір ғана Орал қаласының өзінде аспанасты елінен әкелінген көліктің 40-50 түрін сататын 6 автосалон бар. Олардың қатары әлі де көбеймек. Өйткені 4 проценттік жеңілдік бұйыртпай өкпелегендер осы көліктерге әуес. Ерлан БЕКЕСОВ, АВТОСАЛОН БАСШЫСЫ: Жұмасына бір автовоз келіп тұрады. 6 машинаны біз екі-үш күнде сатып үлгеріп жатырмыз. Сапасы өте керемет, бұрынғы қытай көліктеріне қарағанда өте жақсартылған. Дизайн түрінде, техникалық түрінде. Биылдың өзінде көрші елден 17 мыңға тарта көлік әкелініпті. Бұл былтырғыдан 30 процентке көп. Еркін КАРИН, ТІЛШІ:- Привет, ексит!- Да, я здесь! - Выключи радио - Радио было выключено - Әлемдік брендтерде ғана болатын мынадай дыбыстық көмекші қытайлық көліктің көбінде бар. Бірақ мемлекеттік тілді әлі меңгермепті. Егер қазақша тіл сындырса, сұлумен сырласқысы келетіндер көбейіп, сұраныстың әлде де артатыны анық.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Оңтүстік Корея президентін тергеу кезінде бір адам өзін өртеп жіберді
Онлайндағы сауат опық жеуден сақтайды
Елімізде миллионға жуық адам несие алудан ерікті түрде бас тартқан
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Жұртшы - жыл құсы
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған
ІІМ: Жыл басынан бері есірткі қылмыстары үшін 6 жасөспірім ұсталды
Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцинацияланды
18 қаңтарда Алматы Онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді
Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI-нің» құрылысы басталды
AZAL ұшағының апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады
СҚО-да спорт кешені бірнеше минут ішінде түгі қалмай жанып кетті
Жыл басынан бері 6 жасөспірім есірткі жарнамасын таратқан
Крещение мерекесінде мұсылмандарға суға түсуге бола ма? ҚМДБ жауап берді
Қарағандыда балабақшадан 82 бала эвакуацияланды
Бектенов техникалық мамандарға арналған тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін айтты
Ақмолада Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды