Соңғы жылдары Қазақстанда лотерея мен лото терминалдарына тыйым салу талап етілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.Тыйым болған соң кез-келген бизнес көлеңкеге кетіп қалатыны анық. Жалпы, еліміздегі бұл ойын түрі туралы не білеміз? Алдымен, тарихқа үңілсек, ұлы Қытай қорғаны лотереядан түскен ақшаға салынған екен. Ежелгі Римде лотереяның ақшасына жолдар мен көпірлер, күні бүгінге дейін жеткен кей ғимараттар салынған. Заңды түрде ұйымдастырылған лотерея кез-келген мемлекеттің экономикасында маңызды рөл ойнайды. Қазақстан аумағында лотереяны бірегей оператор "Сәтті Жұлдыз" АҚ ғана ұйымдастыра алады. Компания 2022 жылы отандық спортты дамытуға 3,6 млрд теңге, "Қазақстан халқына" қорына 101 млн теңге бөліп, ел бюджетіне салық түрінде 5,8 млрд теңге салыпты.Лото терминалдарынан бұрын Қазақстанда ең көп ойналатын лотереяның түрі – кәдімгі қолма қол, ұтысы лезде төленетін лотерея екен. Ұту мүмкіндігі жоғары емес десек те, лотереяда әділдік бар. Лездік лотерея билеттері Англияның Лидс қаласында құпиясы күзетіліп басылатындықтан, лотерея операторы ұтыс жағына араласа алмайды. Қазақстанда лотерея билеттерінің бағасы арзан, 250 теңгеден басталып, ең қымбат дегені 3000 теңгеден аспайды. Ұлттық лоторея операторының мәліметінше, біздің елімізде лотереядан ірі көлемде ақша ұтқандардың 90 пайызы түрін жасырып, суретке түсуден бас тартады екен. Басқа елдерде ешкім ұтқанын жасырмай, қайта қуана-қуана суретке түседі. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, біздің жеңімпаздар "туысқандарым білмесін", "таныстарым ертең ақша сұрамасын" деген оймен аты-жөні мен түрін жасыратын болып шықты. Қосымша құн салығын қоса санағанда, қазақстандықтар былтыр жалпы сомасы 268 млрд теңгеге лотерея өнімдерін сатып алыпты. "Қолы шыққандарға" төленген ұтыс мөлшері 230 млрд теңге.