Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген

Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген. Азаматтар жеке басынан бөлек балаларының болашағын да қауіпсіздендіруде. Сала мамандары бұл халықтың қаржылық сауаттарының артқанын білдіреді дейді. Ал халықтың ойы қандай? Тілшіміз сабақтайды. Гүзира Мұздыбаева 40 жаста. Ол өз өмірін сегіз жыл бұрын сақтандырған. Ол өзін ғана емес, балаларының да өмірін кепілдендірген. Қоры бар адам қор болмайды. Сондықтан ертеңгі күніме алаңсызбын дейді. Гүлзира МҰЗДЫБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:8 жылда құдай сақтасын әрине, менің бала шағама ештеңе болған жоқ. Өмірін сақтандырғанда үреймен сақтандырмайды ғой. Бірақ өмір болғаннан кейін ата-аналар дүниеден өтіп кетіп жатыр. Және өзім куәгер болып жатырмын. Өмірін сақтандырғандарға ақша төленіп жатқанын көргеннен кейін неге менің өмірімді сақтандырмасқа деп өмірімізді сақтандырдық. Сақтандыру компаниясы өкілдерінің айтуынша, өмірін сақтандыруға ниетті азаматтардың саны артқан. Сонымен қатар ата-аналар балаларының біліміне де арнайы қор жинауда дейді. Яғни оқыс жағдай болса, азамат өзін де, перзентін де қорғай алады. Қализа БАЙДІЛДАЕВА, САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:Өмір- өте құнды. Оның теңдесі жоқ. Өмір болған соң неше түрлі жағдайлар болып жатады. Келеңсіз жағдайлар болып жатқан кезде, өзіміздің жақындарымызды тағдырдың түрлі тауқыметінен қорғай аламыз. Мысалға бәрімізде бала бағып отырмыз ғой. Біз жоқ болып қалған жағдайда осы жерден қомақты қаржы алады. Ал адвокат Жандос Тұяқов азаматтар өмірлерін сақтандырып жатқаны ол біздегі менталитеттің өзгергені дейді. Заң тұрғысынан қарайтын болсақ, жұмыс беруші қызметкерлерінің өмірін сақтандыруға міндетті. Жандос ТҰЯҚОВ, АДВОКАТ:Қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбек шартының еңбек кодексінің 23 бабында қарастырылғандай қандай да бір мекеме азаматтың өмірін сақтандыруға міндетті деп көзделген. Қызмет бабымен байланысты оқыс оқиға болып жатады, жарақат алып жатады, мұның барлығы қолданыстағы заңнамада қарастырылған. Жұмыс беруші өзінің жұмыскерін сақтандыруға міндетті. Елімізде 6,4 млн адам өмірін сақтандырған. Оның 80 мыңнан астамы өз қаржыларымен ғұмырын кепілдендірсе, қалғандары несие алу кезеңінде сақтанған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тариф бекітілді
Бір жылда 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Ақтау маңында ұшақ құлады: ТЖД оқиға орнына барды
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды
Ұшақ апаты: Төтенше жағдайлар министрі Ақтауда жүр
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Астаналықтар Қазақстандағы Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойып жатыр
Алексей Чуркин Азия чемпионы атанды
Ақтауға ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов барды
Еңбек министрлігінің шенеунігі пара алғаны үшін сотты болып жатыр
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған