Елімізде өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі тапшы

Елімізде өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі тапшы. Дәл қазір 300 орын бос тұр. Неге ол орынға маман табылмай жатыр? Тілшіміз айтады. Бұл өрт сөндіру бөлімінің ашылғанына үш ай болған. Қазіргі таңда арнайы мамандандырылған көлікті жүргізетін маман жетіспейді. Сала бойынша жүргізуші қызметіне 4 орын бос. Гүлнәр БЕЙСЕНОВА , ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:Көбісі осы қызметке келгенде ойлайды тек өрт сөндірушілік жұмысқа келіп жатырмын деп.Бұл жерде біз өрт сөндіруші,құтқарушы маманы оның ішінде біздер құқық қорғау органы қатыстымыз. Яғни олар өрт оқиға орнына да және басқа да төтенше жағдайлар орындарына құтқару жұмыстарына шығады. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін бұл салада маман тапшылығы бұрыннан бар. Жыл сайын арнайы конкурс өткізіледі, оған 35 жасқа дейінгі жастар қабылданады. Бірақ, олардың көбі талапқа сай келмейтін көрінеді. Манас ӘЛІМБАЕВ, ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:Өрт сөндіру автокөліктерін жүргізу үшін ең бірінші жүргізудің категориялары болу керек. Б және С деген. Сондай категория қазіргі жастардың көбісінде жоқ.Сол себепті жоқ деп ойлаймын.Өрт сөндіру автокөліктері үлкен машиналар біз қазір мынау үлкен қалада тұрғаннан кейін жауапкершілігі мықты сондай кісі керек. Елімізде биыл 150-ге жуық табиғи өрт болған. Төтенше жағдайлар министрлігі құрылымдарының күшімен олар ауыздықталған. Қазір уш жарымға жуық арнайы автокөлік бар.Бірақ, әлі де жетіспейді дейді мамандар. Нұрсұлтан СӘДУАҚАСОВ, ҚР ТЖМ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:Қазіргі таңда 700-ге жуық өрт сөндіру автокөліктері 20 жылдан астам пайдалану мерзімі өтіп кеткен.Сол себептен 700ге жуық бізге автокөлік қажет. Синоптиктердің болжамынша, биыл жаз өте ыстық болады. Өрт қаупі жоғары. Сондықтан техника мен жүргізуші мәселесі-өзекті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті
Euro-2024: Доп додасында бас жүлде кімге бұйырады
Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесі бекітіледі
Платежные организации просят спасти отрасль от уничтожения
Астанада жоғалып кеткен екі қыз Алматыдан табылды
Euro-2024: Доп додасында бас жүлде кімге бұйырады
Әділет Қабылов. Қазақ әдебиетінің досы (жазушы, аудармашы Анатолий Ким 85 жаста)
Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесі бекітіледі
Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті
Алты облыста күн қатты ысиды: 16 маусымға ауа райы болжамы
Жетісулық медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Шымкентте арнайы құрылғының көмегімен 1 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды
Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті
Астанада Ұлттық ұлан сарбазы жасөспірімді құтқарды
Satbayev University-інде запастағы сержанттар Отанына адал болуға ант берді
Шымкентте 19 жастағы жігіт көрші баланы бірнеше рет зорлаған
Ертең Астанада тағы бір жол учаскесі жабылады
Қытайда су тасқынынан 51 мыңнан астам адам зардап шекті
Құтқарушылар теңізге батып кеткен жігітті іздеп жатыр
Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті
Шерзод Давлатов дзюдодан Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды
Еуропа чемпионаты: Испания құрамасы Хорватияны жеңді
Астанада Ұлттық ұлан сарбазы жасөспірімді құтқарды
Астана мен Сеул арасындағы рейстер қайта жанданды