Елімізде отау тіккен он отбасының үшеуі ажырасуға шешім қабылдайды

Әлемде әрбір 13 секунд сайын бір отбасы ажырасады. Неке коэффиценті бойынша Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кіретін 100 елдің ішінде 15-ші орында. Аймақтар арасында Астана, Қарағанды, Павлодар көш басында. Ортадағы бала тағдырына қарамай, жастардың бір шаңырақ астында сыйыспауына не себеп? Толығырақ әріптесім Мирас Жолдыбалин тарқатады.Өзін Айжан деп таныстырған келіншек күйеуімен бір шаңырақ астында көп тұрмапты. Ұрыспаған, ыдыс-аяқ сылдырламаған. Бірақ табысың аз деп ажырасуға бел буған. Айжан, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Күйеуімнің табысы аз болды. Бір жерге қыдырайық десем үнемі ақша жоқ деп отырады. Мен отбасылық өмір бұлай болады деп ойламадым. Өз-өзімді асырай аламын. Сондықтан ажырасқанымыз дұрыс деп шештім. Қазір қызым анамның қолында. Қарны аш емес. Әкесіз тәрбиені өзім бере аламын. Айжан секілді Сарыарқа ауданына қарасты АХАЖ бөлімінің есігін ажырасу үшін қағатындар аз емес екен. Оларға уақыт беріп, шаңырақтарын шайқалтпауға кеңес беріледі. Бірақ дегенінен қайтпайтындар бар. Индира ЕГЕМБЕРДИЕВА, "САРЫАРҚА" АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылы 3000 мыңға жуық неке құрылса, 568 неке бұзылған болып есептеледі. Ал биылғы жылы осы 2023 жылдың қаңтар айында 176 неке тіркелсе, оның жиырма бесі некені бұзу туралы өтініш берді. Елімізде отау тіккен он отбасының үшеуі ажырасуға шешім қабылдайды. "Бізге көбінесе ажырасқаннан кейін араға екі үш жыл салып, жүгінетіндер көп. Отбасы болмай тұрып та психологқа жүгініп, ажырасудың алдын алу керек", - дейді психолог Балабек Сақтағанов. Балабек САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГ: Бұның енді әртүрлі себептері бар. Бірінші себебі отбасы құрып жатқан жастардың, отбасылық туралы білімнің жетіспеуі. Отбасындағы қарым-қатынастар, отбасындағы дағдарыс, келіспеушіліктер. Бұларды қалай шешудің жолын білмегендіктен, осындай өкінішті қадамдарға барып жатады. Сертке берік болу, шаңырақтың шайқалмауына екі тарап та мүдделі болуы керек. Бірақ түймедей нәрсені түйедей қылып, ажырасуға бейім тұратындар көбейіп барады. Көпшілігі отбасылық өмірге дайын болмай шығады. БЛИЦ: - Біріншіден материалдық жағдайы. Екіншіден басқа кісілердің араға түсуі. Үшіншіден асығыс шешім қабылдауы деп ойлаймын. - Басты себеп сол тәрбиенің сол ұядан ұшқанда ,қыз баланың анадан алған тәрбиесінің жақсы, дұрыс қазақи болмауында. Қазақи тәрбиені алған адам, қазақи әдеп-ғұрыпты үйреніп өскен қыз, мысалы бұрымын кеспеген қыз, қысқа көйлек кимеген қыз, тобығын ашып жүрмеген қыз дейді солардың барлығы тәрбие ғой. - Екеуміздің мақсатымыз келеді ма,келмейді ма? Бірінші нәпсі ,әдемілігі емес түптің түбінде адамгершілігі мен иманына қарайтын болса! Екі жас "жараспадық" деп екі жаққа кетіп қалуы оңай. Бірақ тағдырлары, балаларының болашағына бей-жай қарамау керектігін ойланса.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Біз монополист емеспіз»
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
Исламбек Қуат «Астанадан» кететін болды
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін