Енді елімізде отбасын қолдау орталықтары ашылады. Президент қол қойған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңда осы мәселе де қарастырылды. Бұл мекеме мемлекетке тиесілі. Басты мақсаты – зардап шеккендерге қолдау көрсету, отбасын сақтау. Сондай-ақ жаңа заң негізінде мектептерде балаларды буллинг, кибербуллингтен қорғау үшін мейірімділікке баулитын арнайы бағдарлама әзірленеді.Найла МҰХТАРОВА, ҚР МАМ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Елімізде 68-ден аса қолдау орталықтары бар. Олар «Бақытты отбасы», «Жанұя» сияқты атаулармен жұмыс істеп жатыр. Оларды халық біледі. Және олардың қызметіне жүгініп жатыр. Алайда олардың форматы әртүрлі болғандықтан , бір жерде олар халықты қызметпен қамту орталықтары арқылы жұмыс істейді. Бір жақта әйелдер қауымдастығы сияқты қызмет атқарып жатыр.