Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 77 жағдайы және коронавирус белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы анықталды.8 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 1 860 адам коронавирус инфекциясынан (–1 680+ және 180 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 180 науқас стационарда, 1 680-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • жағдайы ауыр науқастар - 3, • жағдайы өте ауыр - 0,• ӨЖЖ аппаратында жатқан науқастар - 0.