Елімізде күн сайын кәмелет жасқа толмағандарға қатысты 6 қылмыс жасалады. Оның ішінде 3 бала жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Сондықтан елімізде педофильдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заң қабылдануы мүмкін. Әділет министрлігінде өткен отырыста мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мәселелеріне қатысты түзетулер ішінде осындай ұсыныс бар екенін жеткізді. Сондай-ақ, бұрын осы баппен сотталғандарға да қатысты бақылау күшеймек.Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұған дейін бас бостандығынан айрылғандар түрмеден шығатын болса біз оларға да арнайы норманы қарастырып жатырмыз. Енді ол түрмеден шыққаннан кейін өмір бойы тиісті бақылауда болуы керек. Өйткені біз де сондай фактілер көп. Шыққаннан кейін тағы да сол оқиғаларды қайталайтындар аз емес.