Ұлттық статистика бюросы елде Қазақстан және Республика есімді қанша адам бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанда Республика есімді адам жоқ.Бірақ 31 адамға Казахстан немесе Қазақстан деген есім қойылған. Олардың бірі – әйел, қалғаны – ер адамдар. Олардың сегізі Ақмола облысында, жетеуі Қарағанды облысында, бесеуі Астанада, үшеуі Қостанай облысында, екеуі Шымкент пен Маңғыстау облысында тұрады. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бірден.