Елімізде салынып жатқан жолдың сапасын енді халық өзі бақылай алады

Енді жаңадан салынып жатқан жолдың сапасын халық өзі бақылап, басы қасында жүре алады. Ақтөбе облысында "Халықтық бақылау" жобасы аясында жауапты мамандармен бірге тұрғындар да рейдке шықты. Асхат Бектемісов -жолдың нашарлығынан ауызы күйгендердің бірі. Өйткені өзі ұзақ жылдар бойы жүк көлігін айдаған. Жолдың жайын жақсы біледі.Айтуынша осы Ақтөбеден Қарабұтаққа жеткенше бір күн жүреді. Сондықтан бұл жобаны естіген бойда бірден қатысуға ниет білдіріпті. Асхат БЕКТЕМІСОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ: Ақтөбемен Хромтаудың арасында көлік жүргізу мүмкін емес. Шұңқырдан шұңқыр. Жолда апатты жағдай туғызатындай жаман жол. Сондықтан бүгін жұмыс барысын өз көзіммен көргім келді. Қандай материал қолданады, жалпы сапалы жасалып жатыр ма, барлығын тексереміз. «Халықтық бақылау» жобасына облыстан үш өтініш түскен. Кез-келген азамат «1403» нөміріне хабарласып, өтініш қалдырып, жолдың жөндеу процесімен танысып, бақылай алады. Ал олар қандай да бір кемшілік анықтайтын болса, дереу шара қолданылады. Айбол ДАНАҒҰЛ, «ҚАЗАВТОЖОЛ»АҚ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ АОФ ДИРЕКТОРЫ: Қандай да бір ескертулер болса материал жағынан, салу жағынан оның барлығын біз тыңдап, кері байланыс жасаймыз.Егер шынымен фактілер анықталса, онда шара қолданамыз. Мердігер мекеме бар, технадзор бар жауапты мамандармен шығып шаралар қолданамыз. Биыл Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын бағыты бойынша бірінші санатты жолды қайта жаңғырту жоспарланған. Республикалық маңызы бар тас жолдың ұзындығы -262 шақырым. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Мердігер мекеме ескі жолдың шұрық-тесік болған тұстарын жөндеумен айналысуда. Нұралы ТОЙЫМБЕТОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ: Жол нашар халде. Қазіргі кезде 13 мың шаршы метр жерге асфальт төселді. Жәнеде 1300 қауіпті шұңқырлар біртіңдеп жөңделеді. Жұмыстар жалғасып жатыр. "Халықтық бақылау" Ақтөбе –Қандыағаш, Ақтөбе- Шалқар, Ақтөбе- Қобда бағыты бойынша да бақылау жүргізбек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
Ғани Қайназаров Қазақстан футбол федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
«Жарайсың, бауырым»: Басы дауға қалған Черчесов қазақ тілінде «жазып кетті»
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды