Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Сайлау-2023: саяси коммуникация, өзара іс-қимыл және жауапкершіліктің өзекті тенденциясы» тақырыбында «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті. Жиында партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары, саяси науқанының негізгі мән-мағынасы мен мазмұнын талқылады. Сондай-ақ сайлауға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығы сөз болды.Олжас БЕЙСЕНБАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ: Сондай бір саяси мәдениет қалыптасып келе жатыр деп айтуға болады. Осыған дейін 3-4 пікірсайыс өтті ғой телеканалдарда. Қарап отырсақ пікірсайыс барған сайын конструтивті болып келе жатыр шыныменде. Саяси мәдениеттің саты-сатымен қалыптасып келе жатқанын аңғаруға болады. С. Оралбеков