Елімізде шамадан тыс кредит алуға шектеу қойылуы мүмкін

Елімізде шамадан тыс кредит алуға шектеу қойылуы мүмкін. Себебі, несиесін қайтара алмай жүргендер саны екі миллионға жуықтаған. Ал айлыққа дейін ақша беретін қаржы ұйымдары жығылғанға жұдырық болып тұр. Тығырыққа тірелгендерді қарызға белшеден батыруда. Мәселе бүгін Үкіметте тағы қаралды. Жауаптылар қандай ұсыныстар айтты? Ақбота Базарбай жеткізеді. Қазір 8 жарым миллион адамның басында берешегі бар. Банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырғандар жетерлік. Кейінгі бір жарым жылда бұл көрсеткіш тіпті артқан. Бірі жоқтықтан алса, бірі несиеге тәуелділігі мен қаржылық сауатының төмендігінен алады. Қазір әр несие алушының басында кемі миллион-миллион жарым қарыз бар. Олжас ҚИЗАТОВ, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі күні екінші деңгейлі банктердегі тұтынушылық кредиттердің жалпы көлемі 9,2 трлн теңгеден асады. Өткен жылы өсім 25,3 пайызды құрады. Биыл 8 айда өсім 20 пайыздан асты. Төлем мерзімі 90 күннен асатын қарыздардың үлесі 5,2 пайызды немесе 500 млдр теңгеден асады. Проблемалық қарыз алушылардың саны 516 мың адамды құрайды. Қарызға белшеден батып, тығырықтан шығудың жолын таба алмай қалатындар көп. Кейбірі мерзімі өтіп кеткен кредиттерін жабу үшін одан да жоғары пайызбен жаңа кредит алады. Ал банк беруден бас тартқан жағдайда, пайыздық үстемесі өте жоғары микроқаржы ұйымдарына жүгінеді. Олардың қызметін қолданатындардың өзі миллионнан асады. Қарызды қарызбен жауып мәселе шешілмейтіні анық. Шектеу болмаса шектен шығып барады. Енді белгілі бір санаттағы азаматтарға несие алуға мүлдем шектеу қойылуы мүмкін. Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҚАРЖЫ МИНИСТРІ: Банктер мен микроқаржылық ұйымдардың пруденциалдық реттеуін қайта қарауды талап етеді. Бұл тұрғыда қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша заңнамалық түзетулер пысықталуда. Атап айтқанда, түзетулер топтамасы: халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендетуге және борыштық жүктеменің өсуін шектеуге, алаяқтыққа қарсы іс-қимылға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, және банк омбудсманының қызметін күшейтуге бағытталған. Берешегін өтей алмай қиналып жүргендерге "Қарызсыз қоғам" жобасы көмектесуде. "AMANAT" партиясының бастамасын Мемлекет басшысы қолдады. Үкіметпен арнайы Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Ол 6 негізгі бағыт бойынша 25 іс-шараны қамтиды. Халықтың қаржылай сауаттылығын арттыру мақсатында Республикалық маңызы бар 3 қалада және еліміздің 17 өңірінде тұрғындармен тікелей жұмыс істейтін өңірлік жобалық кеңселер құрылуда. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Жоба халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың кредитт бойынша проблемалық берешектерін реттеуде және жұмысқа орналасуда консультациялық көмек беруге бағытталған. Қазірдің өзінде Қазақстанның 8 өңірінде 45 мың адам қаржылық сауаттылық негіздері бойынша білім алды. 2023-ші жылдың соңына дейін 60 мың азаматты қамту жоспарлануда. Жобалық офистердің негізгі міндеті кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, қаржылық алаяқтықтан қорғау, сондай-ақ, азаматтардың банкроттық мәселелерін шешуге, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Қазір өзін банкрот деп жариялаған азаматтардың саны 6 мыңнан асады. Проблемалық қарыз алушыларды көбірек қамту үшін Қаржы министрлігі осы жылдың соңына дейін құжаттар беруді оңайлату және соттан тыс банкроттықты қолдану рәсімін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдамақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды
Григорий Бабаян: Қарсыластың деңгейі жоғары болды
Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына жолдама алды
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады
Аса ірі көлемде есірткі таратқан қарағандылық сотталды
Өзбекстандық тістеп алған: аппеляциялық шағымнан кейін қазақстандық боксшы Азия чемпионы деп танылды
Ер адамдар бұлшықет өсіру үшін алатын екпелер денсаулыққа зиян емес пе?
Көктайғақ, тұман: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Жігіттермен төбелескен: Атышулы трансгендер қамауға алынды
Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жұмаға арналған ауа райы болжамы
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
Петропавлда өз пәтерінде қамалып қалған зейнеткер құтқарылды
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)