Елімізде шілдеден бастап төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі

Қазақстанда 2023 жылдың шілдесінен бастап төрт күндік жұмыс пайда болады. Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Астана телеарнасы Учет.kz сілтеме жасап. Өзгерістер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заңымен енгізіледі. Өзгерістерге сәйкес, бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ ұзақтығы тараптардың келісімімен белгіленетін толық емес жұмыс аптасы қарастырылған. Жекелеген өндірістерде әр түрлі апталарда бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасын қатар белгілеу қажеттігі туындап отыр. «Жұмыс уақыты режимі» деген 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылады: «Еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын кезектестіру құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге рұқсат беріледі». 84-бапта төрт күндік жұмыс режимі кезіндегі демалыс күндері белгіленген. «Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасы кезінде жексенбі ортақы демалыс күні болып табылады. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасында екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартпен немесе еңбек тәртібі ережелерімен белгіленеді», - деп жазылған заңда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?: 13 желтоқсан 2024, 16:57 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстан Де Брюйне бастаған Бельгия келетін болды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Жапонияда жыртқыштарға қарсы робот қолданыла бастады
Оралда Шаған өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Алматыда "Француз үйі" атауын құрылыс компаниясының заңсыз пайдаланғаны анықталды
«Ата-әжесіне қамқор болды». Метрода қаза тапқан жігіттің кім екені белгілі болды