Елімізде ішімдікке салынған қыз-келіншектердің саны үш есе көбейген

Қоғамда ішімдік ішетін әйелдер де көбейіп барады. Көрсеткіш былтырмен салыстырғанда үш есе артқан. Жас мөлшері де жылдан-жылға жасаруда. Бұрын наркологиялық орталыққа емделуге елуді еңсергендер барса, қазір 25-30 жас аралығындағылар дертіне дауа іздеп жүр. Ащы сумен ашуын басамын деп ішкіштер қатарына қосылғандармен тілшіміз тілдесті.Мирас ЖОЛДЫБАЛИН, ТІЛШІ: Мағынасыз жылтырақты сақтамайды ел есте, Шын сұлулық әйелдердің көздерінде емес пе? - деп, қаймана қазақ, қыз абыройын қашанда асқақтатып ұстаған. Заманы өзгерген сайын, адамы да өзгереді. Ұстамы мықты Ұлжан анамыздың қазіргі ұрпағы қазір ащы судан да ұрттайтын болған. Тіпті қаны қызып, араны ашылса алпамсадай азаматтарды шаңында қалдыра ма дерсің. Ішімдікке мас болып, өзіне бас бола алмай жүргендері жетерлік. Әсіресе, тойда тойып алып, ортада ойқастағандардың қылығы әлеуметтік желіде толып тұр. Есімін атамауды өтінген қыз қарызға белшеден батқан. Жан-жағынан көмек сұраған. Қол ұшын беретіндер табылмағасын ашуға булығып, ащы суға жүгірген. Бұрын тек мерекелік кештерде ішетін бикеш өзінің қалай салынып кеткенін аңғармай қалған. КЕЙІПКЕР: Бір момент болды менде қарызға батып кеткен. Біреуден алып, біреуін жауып жүрдім. Күніге үйге іздеп келеді, қарызыңды қашан қайтарасың деп. Шығатын жол таппадым. Не істерімді білмедім? Ешкім көмектесе алмады. Сол кезде мына ішімдегі ауруды жеңілдету үшін, анда-санда арақ ішіп тұратынмын. Как будто маған арақ ішсем бәрі жеңілдейтіндей, бәрі ұмытылатындай көрінді. Дәрігерлер ерлерге қарағанда әйелдер алкагольге тез тәуелді болады дейді. Жұқарған жүйкенің емін ішімдіктен іздейтін көрінеді. Ал ерлер тек көңіл көтеру үшін ғана бұл қадамға барады екен. Меруерт БАУЛЫ, ТЕРАПЕВТ: Күйзеліске ұшыраған әйелдерде гармондағы ерекшеліктердің әсерінен. Олар алкагольді қабылдағаннан кейін бір бутылка ішті, екіншісін ішті, одан кейін оған қалыпты жағдай болып есептеледі де организм сұрайды. Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда стресске, күйзеліске тұрақты болып келеді. Әйел адамдар нәзік жанды болғандықтан кейін, тәуелділікке тез кіріп кетеді. Мамандар, ішімдікке әуестіктің жасарып бара жатқандығының бірнеше себебін айтты. Соның бастысы мектеп оқушыларының энергетикалық сусынды көп ішуінде екен. Олар құмарлықты оятады екен. Тоқтар ҚОЙШЫБЕКОВ, НАРКОЛОГ: Он сегізден ары қарай алкагольге көшеді, сыраға көшеді. 27-28 жасында бізге келгенде салынып ішіп алкагольизмнің екінші сатысы байқалынады. Ал енді ол неге жасарып бара жатыр? Ата-анасы алкагольді қолданса, балалар соған ерте үйреніп алады. Бесік тербетіп, ұрпақ өрбітеді деген келіншектердің қылығы еріксіз жағаңды ұстады. Құмарлықпен қоғам болып күресу қажет секілді. М. Жолдыбалин

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды