Елімізде су тасқыны күшеюі мүмкін

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда ауа райы айтарлықтай жылынып, су тасқыны күшеюі мүмкін екенін айтты.Үкімет басшысы бірқатар өңірде төтенше жағдай жарияланғанын еске салды. "Қалың қар мен топырақтың тоң болып қатып қалуы, сондай-ақ күннің күрт жылынуы мен қатты жауын-шашынның салдары еліміздің аумағында, әсіресе батыс өңіріндегі елді-мекендерде көлемді су тасқынына алып келді. 1,5 мыңға жуық үй су астында қалды. Баспаналар қирап, жолдар бұзылды. Бірқатар өңірде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Көріп отырғанымыздай, өңірлер су тасқынының нақты қаупін жете бағалай алмады. Біз жұмысты барынша күшейтуге тиіспіз. Мемлекет басшысы кешегі кеңес барысында тасқын қаупі азайды деуге болмайтынын атап өтті", - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.Ол күн айтарлықтай жылынып, су тасқыны күшеюі мүмкін деген болжам барын жеткізді. "Қазір ауа температурасының біршама төмендеуіне байланысты тасқынның екпіні басылған сияқты. Алайда алдағы күндері ауа райы айтарлықтай жылынады деген болжам бар. Демек еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде су тасқынының жаңа белсенді кезеңі басталады. Бұған дайын болуымыз керек", - деді премьер-министр. Сондай-ақ Олжас Бектенов министрліктерге тапсырма берді: Біріншіден, Төтенше жағдайлар министрлігі Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерімен және әкімдіктермен бірлесіп, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қажет шаралар қабылдасын. Қазіргі жағдайда ең маңыздысы – азаматтарымыздың өмірі. Қажет болған жерде эвакуациялау жұмыстарын алдын ала жүргізу керек. Екіншіден, Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен және басқа да күштік құрылымдармен бірлесіп, су басқан елді-мекендерде авариялық-құтқару және кезек күттірмес шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін күштер мен құралдардың жеткілікті көлемін қамтамасыз етсін. Үшіншіден, әкімдіктер Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында болған су тасқынына назар аударып, еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде су басып кетпеуі үшін нақты шаралар қабылдасын. Болған қателіктерден сабақ алып, жұмысты жаңадан тиімді етіп ұйымдастыру қажет. Бұл ретте, жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы халықты дер кезінде хабардар етіп отыру маңызды. Төртіншіден, ауқымды су тасқынына алып келген себептерді анықтап, оларды жою жөнінде ұсыныстармен бірге қалыптасқан жағдайға толық талдау жүргізу қажет. Әрбір өңір географиялық және ауа райының ерекшеліктерін ескеріп, іс-шаралар жоспарын қайта қарауы керек. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, 2025-2029 жылдарға арналған су тасқынының алдын алу жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл жұмысқа тәжірибелі салалық сарапшыларды тарту керек. Бесіншіден, Төтенше жағдайлар, Ұлттық экономика, Қаржы, Көлік, Құрылыс, Су ресурстары министрліктері мен өңір әкімдіктері тез арада апаттан келген шығын көлемін бағалап, зардап шеккен адамдарға материалдық көмек көрсетуге кіріссін. Әкімдіктер жергілікті жерлерде зардап шеккен тұрғындарды шығынды өтеу алгоритмі және үй салу үшін көрсетілетін көмек туралы атаулы түрде хабардар етуге тиіс. "Зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Бәріне көмек берілетін болады. Бақылау мен үйлестіру Қанат Алдабергенұлында (Премьер-министрдің орынбасары)", - деді үкімет басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Кездесуге ешкім шақырмайды“. Назым Қызайбай жеке өмірі туралы
2025 жылы әлемдегі аштықпен күресуге 17 миллиард доллар қажет
Apple 2024 жылдың басты әртісін атады
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Nature Human Behaviour: Интернет қарт адамдарға оң әсер етеді
2025 жылы әлемдегі аштықпен күресуге 17 миллиард доллар қажет
Итальяндық радиостанция апта сайын Димаш Құдайбергенге хабар арнайды
Галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге жетті
Мектепте ұялы телефон қолдануға шектеу енгізген елдер қатары артып келеді
Елімізде 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Адамның мінезі оның ғұмырының ұзақтығына әсер етеді
Шымкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еуразия» кинофестивалі үздік жобаларға жол ашады деп сенемін
Жетісу облысындағы ауыл халқы биліктен мал жаятын жер сұрады
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еуразия» кинофестивалі үздік жобаларға жол ашады деп сенемін
Тоқаев: «Еуразия» кинофестивалі үздік жобаларға жол ашады деп сенемін
Қазақстандағы туризм: проблемалар мен оларды шешу жолдары қайсы
Абай облысында 15 тонна шөп өртенді
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті (ВИДЕО)
Қазақстанда ең арзан пәтерлер қай қалада?
Абай облысында 15 тонна шөп өртеніп кетті
Жылыту маусымы: Шымкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Павлодарда он күн бұрын жоғалған әйел табылды