Елімізде суды қайта өңдеу көрсеткіші бар жоғы 2,5 пайыз. Еуропа елдерінде бұл 80-90%-дан асып жығылады. Сондықтан су шаруашылығындағы суды қайта өңдеуді жетілдіру керек. Бұл туралы "AMANAT" партиясы алаңында депутат Еділ Жаңбыршин айтты. Суды қайта өңдеу мен оны үнемдеу үшін барынша әрекет жасауымыз қажет деді. Жаңа су кодексі заңы да осыған негізделгенін атап өтті. Бұдан өзге, депутат жаңадан құрылған су министрлігінің құзыретін кеңейту де маңызды деді. Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жер асты суларын іздестіру, оларды табу қазір жергілікті билікке берілген. Бұлда қазір бір түсініксіз жағдай болып тұр. Мен өзімнің баяндамамда ұсыныс бердік. Біздер сол дүниенің бәрін қайтадан су министрлігіне беру керек. Оларды іздестіру. оларды балансқа қою, олардың бәрін бақылауға алу бір қолда болу керек та.