Елімізде суды үнемдеп тұтынудың жаңа тарифі енгізілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты. Оның сөзінше, аталған бұйрық 11 ақпанда күшіне енді. Бекітілген бұйрықта суды тұтыну лимитін 4 деңгейлі тарифпен белгілеу көзделген. Нұржан НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ: Ұлттық экономика министрлігі деректері бойынша 13 млрд теңге қосымша табыс әкеледі. Табиғи монополиялар субъектілері бұл қаражатты желілер мен жабдықтарды реконструкциялау, желілердің тозу деңгейін төмендету және шығындарды азайту үшін нысаналы мақсаты бойынша жіберуге міндетті. Сондай-ақ, суды нормадан артық тұтынуға жол берген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін де жоғары тариф белгіленбек. Осы арқылы министрлік түскен қосымша табысты су арналарын жаңғырту мен реконструкциялауға бағыттауды жоспарлап отыр.