Елімізде сұранысқа ие мамандардың жалақысы 50 пайызға көтеріледі

Ауылдарда сұранысқа ие мамандар жалақысына 50 пайыз үстемеақы енгізілмек. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлады turkystan.kz.«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін осы жылы наурызда Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы (Үкіметтің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген) қабылданды. Онда шекара маңындағы аумақтарды дамыту іс-шаралары көзделген. Атап айтқанда, жұмыс күші тапшы облыстардың шалғайдағы солтүстік және шығыс шекара маңындағы ауылдық округтерінде жұмыс істеу үшін бюджеттік ұйымдарда сұранысқа ие мамандықтар бойынша жалақыға 50 пайыз ауылдық үстемеақы енгізу мәселесі пысықталатын болады», – деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында. Ә.Смайыловтың айтуынша, табиғи-климаттық жағдайлары ерекше (жылыту маусымы 9 ай) шекара маңындағы шалғай ауылдық округтердегі бюджеттік ұйымдарда сұранысқа ие мамандықтар бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын тұрғындар үшін оларды әлеуметтік және еңбекпен қамтамасыз ету мүмкіндігі қаралатын болады. «Қаулыда ҚХР-мен шектесетін шекаралас аудандардың (Катонқарағай, Большенарым, Күршім, Марқакөл, Мақаншы және бақалары) әкімшілік-аумақтық маңыздылығын арттыруға ерекше назар аударылды. Осылайша, аталған қолдау шаралары шекара маңындағы аумақтардың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін болады», – деді Премьер-Министр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Барлық жағдайға байыппен қараймын»: Черчесов орнынан кетуі мүмкін
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанда полицейлер күшейтілген режимге ауыстырылды
Марк Цукерберг жаңадан сайланған президенттің инаугурациясына 1 миллион доллар берді
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездесті
Сөмкенің бағасына пәтер алуға болады: Перизат Қайраттың гардеробына шолу
Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп шықты (видео)
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
14 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?
АҚШ долларының бүгінгі бағамы жарияланды
Түркістанда креативті хаб ашылды