Елімізде "Таза бейсенбі" акциясы жалғасуда

Президенттің "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясындағы "AMANAT" партиясының "Таза бейсенбі" акциясы жалғасып жатыр. Әр апта сайын өтетін экологиялық шараға аймақтар қолдау білдіріп, жұрт болып жұмыла кіріскен. Астанадағы "Астраханское" тас жолының маңы қоқыстан тазартылды. Игі шараға 400-ге жуық "Жастар Рухы" жастар қанатының еріктісі мен қоғам белсенділері, ғалымдар мен студенттер қатысты. Олар 100 қаптан астам қоқыс жинады. Басты мақсат - айналаны ретке келтіріп, жастардың еңбекқорлығын тәрбиелеу, қаламыздың тазалығы мен өркендеуіне өз үлесін қосу дейді жауаптылар.Мұхаммед БОЛЫСБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:Қаланың шеті яғни сырт жағында осындай сенбіліктерді ұйымдастырып отырамыз. Неге себебі қалаға кіріп келе жатқан азамат үшін қала туралы пікір ол осы сыртынан басталады. Сондықтан да қаланың сырт жағындағы осындай шыға берісіндегі орындарды біз тазалап сенбілікті ұйымдастырып отырмыз.Тобыл өңірі де игі шарадан шет қалмады. Олар жағажай аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, ауқымды акцияға айрықша атсалысып жатыр. Нәтижесінде 20 тонна қоқыс шығарылды. Ауқымды акцияны келесі аптада жергілікті университет ұжымы жалғастырмақ. Сейітбек ҚУАНЫШБЕКОВ, А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТАҒЫ «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКІШІСІ:Әрбір мекемелер шығып әр бейсенбі сайын шамамен жүз адамдай , осы біздің Қостанай қаласындағы Тобыл өзені бойын тазартумен айналысып жатырмыз.Бұл негізгі біздің барлық істеп жатқан жұмысымыз осы Қостанай қаласын тазалықта сақтау.Мінекей президенттің акциясы бізге үлкен себебін тигізді.Ал, өскемендіктер қоғамдық орындарды, аулалар мен көшелерді, алаңдар мен саябақтарды ретке келтіруде. Сондай-ақ Комендантка өзенінің бір кездері қараусыз қалған арнасын және көлік көп жүретін жолдың бойын тазартты. Александр СВЕТАШ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:Бүгінгі күні "Таза бейсенбі" партиялық акциясын 200-ден астам азамат қолдады. Карбышева мен Виноградов көшелерінің қиылысындағы бұл аумақты тиісті жағдайға келтіру туралы шешім қабылданды. Мұнда бөтелкелер мен тұрмыстық қоқыстардың, тіпті шприцтердің де көп екенін көріп жүрміз. Аумақтарды тазалап, тұрақты күтім жасап тұрған дұрыс. Сонда күл-қоқыс шашылып жатпайды. Қала тазалығына бәріміз жауаптымыз. Адам-табиғаттың төл перзенті. Сондықтан әр адам табиғатты аялап, тазалықты өзінен бастаған жөн. Экологиялық акция еліміздің бар өңірінде өтіп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында өз туған күнінде жоғалған адам табылды
Атырауда 5 жасар баланың саусағы шайбаға қысылып қалған
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
«Жаман жолға түспеңдер!»: Cарбаздарын үйіне шығарып салған сержантқа көпшілік риза болды (ВИДЕО)
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен
Хоккейден жастар құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
“Жеңіске аз қалды“. Сәби сүйе алмай жүрген блогер жаңалығын айтты
"AMANAT" партиясының депутаты өрттен кейін баспанасыз қалған көпбалалы отбасына көмектесті
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады