Елімізде теледидар жөндеу бағасы бір жылда 20% қымбаттады

Елімізде теледидар жөндеу бағасы бір жылда 20% қымбаттады. Ал, керісінше сатылу құны 4,1% арзандаған. Бұл -Ұлттық статистика бюросының дерегі. "Көк жәшік" жөндеу ақысы неге жоғары? Тілшіміз Дәрібек Бахытбек зерттеді. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: - Үйдегі жалғыз теледидар еді. Бұлда бұзылып қалды. Енді жөндетуге әкеліп тұрмын. - Ассалаумағалайкум аға? Экраны күйіп кетіп еді. Қанша болады? - Плазмалық экран екен, 70 мың болады. - 70 мың!? Ой, одан да жаңасын ала салғаным жақсы ғой. Теледидарды жөндеу ақысы оның көлемі мен ақауы бар жабдығына қатысты. Қажетті заттар шет мемлекеттен әкелінеді. Оған жеткізу құнын қосыңыз. Ильяс Ерден бұл кәсіппен 5 жылдан бері айналысады. Күніне кем дегенде үш адам келеді дейді. Ильяс ЕРДЕН, ТЕХНИКА ЖӨНДЕУШІ: Басында біз диагнастика жасаймыз. 1 күннен 3 күнге дейін ол бізде регламент, очередь бойынша адамдар жанағы телевизор болсын, басқа бір техника болсын қалдырады. Тез шешілетін проблемалар болса, ол сол диагнастиканың бойында ремонтталады. Көбісінде проблемары жанағы матрицалары кетеді. Матрицаның құны ол телевизордың 70-80% құрайды.  Ресми мәліметке сүйенсек, халықтың теледидармен қамтамасыз етілуі 99,9%. Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола облыстары ғана көшке ілесе алмай қалған. Ал, қалған аймақтар 100% қамтылған. Үйде теледидар болса да, жұрттың бәрі оны көрмейді екен. Сауалнамаға жауап бергендердің бірлі-жарымы ғана жаңалық пен түрлі сериал қарайтындарын айтты. БЛИЦ-ОПРОС: - Бір жарты сағат ғана көрем. Көбінде телефон қараймын. - Теледидар бұзылып қалған кез болды ма үйде?- Иә болады. 20 мыңдай кетеді. Әр кезде әр қалай. - Телевизор ма? қараймыз. Күніне 3-4 сағат қараймыз новости. - Телевизор көп қарамаймын. Неге? Уақытым жоқ. Заманауи технология дамыған тұста көп адам әлеуметтік желіге тәуелді. Қызықтың бәрі сонда деп есептейді. Орта буын өкілдері де ғаламторсыз өмір сүре алмайтын деңгейге жетті. Соның салдарынан көп үйде «көк жәшік» шаң басып тұр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Станислав Черчесов: «Әр қарсыласты құрметтеп, терең зерттеу керек»
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды