Елімізде «Ұлы дала жорығы» республикалық марафоны өтеді

Қазақстан жылдың ең ауқымды спорттық іс - шараларының бірі - «Ұлы дала жорығы» республикалық марафонына дайындалуда. 5 қыркүйекте елордалық «Қазанат» ипподромында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Amanat партиясының қолдауымен ұйымдастырылған жарыстың салтанатты ашылуы өтеді. Оған еліміздің әртүрлі өңірінен жиналған 20 команданың атынан 100 шабандоз қатысады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, марафон 6 қыркүйекте Ақмола облысының Қаражар ауылында басталып, 14 күнге созылады, ол үшін қатысушылар еліміздің 5 өңірі — Ақмола облысы, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы, Қызылорда және Түркістан облыстары арқылы 1300 км қашықтықты жүріп өтеді. Түркістан қаласында марафон аяқталады. Жалпы, шабандоздар 12 аудан мен 52 елді мекенді аралайды. Марафонға қатысу үшін халықаралық судьялар мен жоғары білікті ветеринарлар шақырылған."Биыл «Ұлы дала жорығы» екінші рет өтеді. Естеріңізге сала кетейін, өткен жылы Маңғыстау облысының құрама командасы бәйге марафонының жеңімпазы атанды, Жетісу облысының спортшылары екінші орынды, Түркістан облысының құрамасы үшінші орынды иеленді. Жоба YouTube - те 5 миллионнан астам және TikTok-та 30 миллионнан астам қаралым жинады. «Ұлы дала жорығы» марафонының мақсаты қарапайым. Бұл бірегей ұлттық бренд құру, дәстүрлі ат спортын, атап айтқанда, қазақтың «қазанат» жылқы тұқымын танымал ету. Мұндай жарыстар БАӘ, АҚШ, Испания, Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада және Австралия сияқты елдерде Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қамқорлығымен үнемі өткізіліп тұрады. Сондықтан біздің жобамыздың халықаралық деңгейде ауқымды оқиғаға айналуға барлық мүмкіндігі бар",- деп жазады Асхат Оралов.  Естеріңізге сала кетейік, келесі жылы Қазақстан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізеді. Мемлекет басшысы оны жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Алдағы жарыс, соның ішінде, еліміздің инфрақұрылымының көшпенділер ойындарына да, басқа да болашақ жарыстарға дайындығын тексеруге тамаша мүмкіндік болмақ."Ұлттық ат спорты- мәдениетіміз бен болмысымыздың маңызды бөлігі. Министрлік ұлттық құндылықтарды дамыту және ілгерілету бойынша белсенді жұмыс ітеп жатыр. Олармен айналысатын адамдардың саны артып келеді. Елорда қонақтары мен тұрғындарын «Ұлы дала жорығы» ашылу салтанатына қатысуға және оған қатысушыларды қолдауға шақырамын",-деді Асхат Оралов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды
Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді
Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Садраддин, Науатбек Ақмарал: Тағы кімдер «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды (ВИДЕО)
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
"Алданып қалмаңыздар!": Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады
Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді
Бас бапкер Азия чемпионаты туралы: Екі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен келіспейміз
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Қабырғасы пластик фольгамен қапталған: есірткі өсірген қызылордалық 12 жылға сотталды
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты
Ауа райына байланысты «Үшарал-Достық» автожолы жабылды
Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды
Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды