Еліміздегі 11 су қоймасы 100 пайыз толып тұр

Еліміздегі 11 су қоймасы 100 пайыз толып тұр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінен мәлім етті.«Еліміздегі барлық су қоймасы қазіргі кезде министрліктің жіті назарында тұр. Су тасу кезеңі қарқынды жүріп жатқан өзендер бойындағы су қоймаларына қатысты ақпаратты күнделікті алып отырмыз. Бүгін таңғы 8-00-дегі ақпаратқа сәйкес, 11 су қоймасы (Қоянды, Ақешкі, Казталов ІІ, Шаған, Ащысу, Жартас, Жезді, Самарқанд, Желқуар, Сергеев, Амангелді) 100 пайызға толып тұр», - деп атап өтті министрліктен агенттік тілшісінің сауалына орай. Ведомство мәліметінше, аталған су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Яғни қоймаға қанша су келсе, сонша мөлшердегі су қойманың төменгі бөлігіне ағызылып жатыр. Қоймаға келіп түсетін су мөлшері азайған жағдайда ағызылатын судың мөлшері де азайтылады. «Сондай-ақ, қоймалардан төмен орналасқан объектілер министрліктің бақылауында және қоймалардан ағызылатын су мөлшерін Су шаруашылығы комитеті реттейді. Су ресурстарын осылай реттеу қойманы және одан төмен орналасқан елді мекендерді су басу қаупінен сақтауға мүмкіндік береді», - деп нақтылайды Су министрлігі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әзербайжандар құтқарушыларды «Ынтымақтастық үшін» төс белгісімен марапаттады
Юлия Путинцева Аделаида турнирін жеңіспен бастады
Алматылық 1 656 автобус жүргізушісінің құқығы бұзылған
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Мәжіліс депутаты Ақмола облысында көктемгі су тасқынына дайындық барысымен танысты
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Гүлмира Сатыбалды апелляциялық шағым түсірді: сот не шешті?
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің кінәсі барын тағы айтты
Жас кәсіпкер қымыздан жасайтын балмұздағының сырын ашты
Мемлекет басшысы электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты