Ақылы жолдардың құны көтеріледі. Көлік мининистрі елдегі тариф көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен, - дейді. Қазақстанда - 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде - 7 теңге. Тіпті, бізде 11 жылдан бері өзгермеген. Тек өткен жылы 20 процентке қымбаттады. Әзірге нақты өзгеріс қашан болары белгісіз. Мәселе тұрғындармен бірге талқыланады. Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ: Бұл мәселе заңға сәйкес 14 күн талқылауға шығарылатын НҚА порталына орналастырылады. Қоғаммен талқылаймыз. Талқылауды наурызда бастауды жоспарлап отырмыз.