Елімізде 2 млн адам өз мамандығымен жұмыс істемейді. Бес жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 25 пайыздан асып кеткен. Жылына орташа есеппен жоғары оқу орындары мен колледждерді 300 мыңға жуық түлек бітіреді. Олардың 40 пайызы өз мамандықтарымен еңбек етпейді. Диплом үшін дәріс алды, бірақ неге басқа салаға барады? Тақырыпты тілшіміз зерттеп көрді.Өркен МЫРЗАБЕК, ТІЛШІ:Дипломның артынан төрт жыл жүгірдің. Енді өмір бойы сенің артынан жүгірсін. Университетті тәмамдап жатқан кезде барлығының айтатын тілегі осы. Тура мағынасында қабылдасаң орнынан қозғалмайды. Артыңнан жүгіру үшін алдымен әрекет етуің керек. Мөлдір Қожамжарова мамандығы биотехнолог. Оқу бітіре сала жұмыс іздеді. Мамандығы бойынша таппады. Кезіккендері жұмыс тәжірибесін талап еткен. Дипломның қызығын көрген емес. Мөлдір ҚОЖАМЖАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Бітіргеніме 6-7 жылдай уақыт болды. Баратын жеріме резюме қалдырамын. Бірақ оптыт тәжірибе сұрайды менен, кемі екі жыл дегенде. Енді бітірген соң менде тәжірибе жоқ. Резюмені алып қалады, бірақ хабарласпайды. Жастардан мамандықтары бойынша не себепті жұмыс істемейтінін сұрадық. Бірі жалақының аздығын айтса, енді бірі жұмыс табу қиын дейді. БЛИЦ-САУАЛНАМА:- Мен қазір профессиям, мамандығым бойынша жұмыс істеп жатқан жоқпын. Өйткені ол мамандыққа сұраныс жоқ. - Негізі менің мамандығымда сұраныс бар, бірақ үш жылдық опыт сұрайды. - Айлықтың аздығынан штаттардың дұрыс бөлінбеуінен. Жас мамандарды дұрыс жұмыспен қамтамасыз етпеуінен. Жалғыз Мөлдір емес еліміздегі жастардың 21 пайызы өз мамандығымен жұмыс істемейді. Еңбек нарығының үшінші ұлттық баяндамасын әзірлеген сарапшылар осылай дейді. Олардың көбі сауда, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларында жүр. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз болып тұр. Шалқар БАЙҚУАТОВ, ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:Шаралардың бәрін зерттеп шықтық. Өзіміздің рейтингімізді жасадық. Сол рейтингке сәйкес келетін болсақ, қысқамерзімді оқыту жұмыс орнында ең эффективті болып тұр. Әлеуметтік жұмыс орындары, жалпы жұмыс орындары, сол шараларды өсіру керек. Қам жасамақ енді жұмыссыздар мен NEET санатындағылар қатары күрт көбеюі мүмкін. Сарапшылар салдарымен емес себебін іздеген абзал дейді. Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:Бірінші себебі сол еңбек нарығы. Еңбек нарығында жұмыс орындарының ашылуы көп болып жатқан жоқ. Жоғарғы оқу орындарындағы білім сапасы бар, сол нашар. Егер қарайтын болсақ, жастар дипломын алып шығады, қарасақ дипломдағы мамандық басқа, қай жерде жұмыс табылады солай. Біз көріп жатқан реалды жағдай осы. Жоғарғы оқу орнын бітірушілердің жұмысқа жылда 7 пайыз шамасында өсіп отыр. Гранттың бөлінуі еңбек министрлігінің ұсынысына сәйкес әзірленеді. Қазір техникалық мамандықтарға басымдық берілген. Жанна ЕСІНБАЕВА, ҚР ҒЖБ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ:2022 Жылы Жоғары Оқу орындарын бітіруші түлектердің саны 178 мыңнан астам адамды құрап отыр. Оның ішінде 54 мың адам мемлекеттік тапсырыс аясында бітірген болатын. 2022 Жылы бітірген түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 75 пайызды құрап отыр. Екі қолға бір күрек табылар. Бірақ маңыздысы төрт жыл білім алған мамандықпен еңбек ету.