Қазақстанда қауіптілігі жоғары 2,7 мың білім беру мекемесі тексерілмек. Оның құрамына 1,5 мың балабақша, 1,1 мың мектеп және 97 колледж кіреді, деп хабарлайды Orda.kz.Білім министрлігі бұл тізімді жасау үшін алғаш рет қауіпті нысандарды таңдаудың автоматтандырылған жүйесі қолданылғанын мәлімдеді. Бағдарламада мұғалімдердің сапалық құрамы, материалдық-техникалық базасы, мемлекеттік білім беру стандарттары, үлгілік жұмыс ережелері және басқа да критерийлер талданады. Енді министрлік қызметкерлері бұл мекемелердің жұмысын тексеретін болады. Шенеуніктер бұл ұйымдардың барлығын 2024 жылы қатаң тексермек. Сенімсіз білім беру нысандарының тізімі 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін Білім министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің және Бас прокуратураның сайттарында жарияланатын болады.